Жануар физол


 Желіннің  басқа органдармен функционалдық байланысы



Pdf көрінісі
бет337/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

13.8. Желіннің  басқа органдармен функционалдық байланысы 


 

443


 

Желін қызметі ас қорыту, қан жəне лимфа айналым, тыныс алу жүйелері 

мен  көптеген  ішкі  секреция  бездерінің  жұмысымен  тығыз  байланысты. 

Сүттің  алғы  заттары  ас  қорыту  жүйесінде  пайда  болып,  қан  арқылы  бүкіл 

организмге  таралады  да,  желінге  жеткізіледі.  Күйісті  малдар  үшін  сүт  түзу 

процесінде мес қарында түзілетін ыдырау өнімдерінің маңызы зор. Қарында 

микробиологиялық  процестер  нəтижесінде  пайда  болған  ұшпалы  май 

қышқылдары  тек  энергия  көзі  ретінде  ғана  емес,  сүт  майын  түзу  үшін 

пайдаланылады. 

Мес  қарын  қабырғасында  ұшпалы  май  қышқылдарының  алмасуы 

нəтижесінде  сірке  жəне  майлы  қышқылдардың  біраз  мөлшері  кетонды 

заттарға (ацетон, ацетон-сірке, бета-оксимай қышқылы) айналады. Кетонды 

заттар негізінен бауырда түзіледі. Желін мен бүйрек ұлпаларына да кетонды 

заттар  түзу  қабілеті  тəн.  Кетонды  заттар  қалыпты  алмасу  өнімдері  ретінде 

дененің  бауырдан  басқа  ұлпаларының  барлығында  энергия  көзі  ретінде 

пайдаланылады.  Бета  -  май  қышқылы  сүт  майының  алғы  затының    бірі 

болып табылады. 

Сау мал қанының құрамында 2-9 мг%, сүтінде 3-8, ал зəрінде - 9-18 мг% 

кетонды  заттар  болады.  Қандағы  кетонды  заттардың  60-85  пайызын  бета-

оксимай  қышқылы  құрайды.  Сүт  пен  зəр  құрамында  ацетон  жəне  ацетон-

сірке  қышқылының  концентрациясы  көбейіп,  олардың  бета-оксимай 

қышқылына қатынасы тиісінше 1:2 жəне 1:1 шамасында сақталады. 

Қан  құрамында  кетонды  заттардың  біршама  көбеюі  қанттың  азаюына 

бейімделуді  қамтамасыз  ететін  қалыпты  физиологиялық  процесс.  Бірақ 

мұндай  жағдай  ұзақ  уақытқа  созылса  зат  алмасу  процесі  бұзылады. 

Организмде ацетил-КоА артық жиналып, аз мөлшерде шығындалса,  денеде 

кетонды  заттар  жинақталып,  зат  алмасу  процесі  бұзылады.  Осының 

нəтижесінде  қан  құрамында  еркін  май  қышқылдары  көбейіп,  ацидоз 

құбылысы  байқалады.  Күйісті  мал  ацидоз  бен  кетозға  бейім  келеді,  себебі 

олар  зат  алмасу  процесінде  төменгі  молекулалы  май  қышқылдарын 

пайдаланады.  Осы  қышқылдардың  ішінде  сірке  жəне  майлы  қышқылдар 

ацетил-КоА-ның  алғы  заты  болып  табылады  да,  кетонды  заттарға  оңай 

айналады. 

Сүттену  кезеңінде  қан  айналымы  күшейіп,  зат  алмасу  процесінің 

қарқыны  жоғарылайды,  бауыр  үлкейеді,  оның  сүт  алғы  заттарын  (амин 

қышқылдарын, бета-оксимай қышқылын т.б.) синтездеу қабілеті артады. Бұл 

өзгерістер  мал  сүттілігін  арттыратын  факторлар.  Сүттену  кезеңінде  мал 

қажетті  мөлшерде  қоректік  заттармен  қамтамасыз  етілуі  керек.  Бұл  кезеңде 

сауынды  сиырдың  тəуліктік  рационының  əр  өлшемінде  90-100  г  сіңімді 

протеин, ал мал суаларда - 70-80 г протеин болғаны жөн. Дегенмен, рационда 

белоктың шектен тыс көп болуы да зиян, ол зат алмасу процесінің бұзылып, 

патологияға соқтырады. 




 

444


Сауынды  мал  рационында  жеткілікті  мөлшерде  дəрмендəрілер, 

минералды  заттар,  жеңіл  қорытылатын  көмірсулар  болғаны  дұрыс. 

Дəрмендəрілер  тек  мал  организміндегі  физиологиялық  процестерді  ғана 

реттеп  қоймайды,  сонымен  қатар  сүт  құрамына  еніп,  оның  биологиялық 

құндылығын арттырады. 

Сүттің құрамы  мен  қасиеттеріне сыртқы орта  факторлары  да əсер  етеді. 

Ыстық  кезде  сүттің  майлылығы  төмендеп,  суық  кезде  ол  жоғарылайды. 

Осыған байланысты қысқы сүт жазғы сүттен майлырақ болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет