15.3. Бұлшық ет жиырылуының түрлері
Қалыпты жағдайда бұлшық ет жұлынның вентральдық мүйізінде, немесе
ми
жүйкелері
ядросында
орналасқан
қозғағыш
нейрондардан
(мотонейрондардан) келген импульстердің əсерімен қозады. Жүйке
талшықтары тармақталу дəрежесіне қарай не көп, не аз ет талшықтарымен
түйіседі. Мотонейрон, оның ұзын өсіндісі (аксон) жəне осы аксонмен
түйісетін ет талшықтарының тобы əрекет бірлестігі немесе нейромоторлық
бірлестік деп аталады (170-сурет).
Бұлшық ет неғұрлым күшті маманданса, соғұрлым нейромоторлық
бірлестікке енетін ет талшықтарының саны аз болады. Кіші əрекет
бірлестігінің құрамына бар болғаны 3–5 ет талшығы енсе (мысалы, көз
алмасы еттері), үлкен əрекет бірлестігі құрамында (тұлға мен аяқ еттері)
бірнеше мың талшық болады. Əрекет бірлестігі тек оның құрамына енетін ет
талшықтарының санымен ғана емес, нейрондар мөлшерімен де ерекшеленеді.
Үлкен əрекет бірлестігі құрамына жуан аксонды ірі нейрон кіреді.
Нейромоторлық бірлестік біртұтас жүйе ретінде қызмет атқарады, ет
талшықтары мотонейрондардан келген импульстер əсерімен іске қосылады.
481
Достарыңызбен бөлісу: |