Жануар физол



Pdf көрінісі
бет362/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

                                                      170- сурет. Əрекет бірлестігінің  

                                                                             схемасы 

 

Баяу  əрекетті,  немесе  тонустық  талшықтардың  түсі  қызыл,  диаметрі 

жіңішке,  тотықтырғыш  ферменттерінің  белсенділігі  жоғары,  құрамында 

миоглобин  көп,  гликоген  аз.  Шапшаң  əрекетті  еттер  белгілі  мерзім  ішінде 

АТФ-ті  көп  шығындайды  жəне  тонустық  жиырылу  кезінде  қуатты  аз 

үнемдейді.  Осыған  байланысты  статикалық  жұмыс  атқарғанда  (мысалы, 

дененің кеңістіктегі жағдайын сақтау үшін) организм негізінен баяу əрекетті 

қызыл талшықтарды, ал жылдам қимыл үшін баяу əрекетті ақ талшық тарды 

пайдаланады.  Алғашқы  жағдайда  бұлшық  ет  қажетті  қуатпен  тотығу 

процесінің  жоғарылауы  жəне  липидтер  алмасуының  күшеюі  арқылы 

қамтамасыз  етіледі.  Ал,  шапшаң,  бірақ  қарқынды  қимыл  əрекет  кезінде 

аэробты гликогенолиз барысында босаған қуат пайдаланылады. 

Бұлшық  ет  жиырылуының үш  түрі болады: изотониялық, изометриялық 

жəне ауксотониялық. 

Изотониялық  (грек  тілінде  іsos  -  бірдей,  тең,  tonos  -  ширығу,  деген 

мағына  береді)  жиырылу  (ширықпай  жиырылу)  кезінде  ет  талшықтарының 

ширығу  деңгейі  өзгермей,  тек  оның  ұзындығы  қысқарады.  Тəжірибе 

жағдайында  изотониялық  жиырылу  оқшауланған  бұлшық  етке  аз  ғана  жүк 

іліп, электр тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.  

Изометриялық  жиырылу  (грек  тілінде  іsos  -  бірдей,  meros  -  өлшем) 

жағдайында  бұлшық  еттің  ұзындығы  өзгермей,  тек  ширығу  деңгейі  артады 

 

Аксон 


Æèûðûëó 

æûëä-ìäû¹ûí- 

º-ð-é åт т-ëøûºт-ðû ø-ïø-» 

æ¸íå 


á-ÿó 

¸ðåêåттi 

áîëûï 

á¼ëiíåäi. 



Øаïøа» 

¸ðåêåттi,

 

íåìåñå  ôаçаëûº  таëøûºтаðä- 



ñ-ðêîïë-çì-ëûº 

т

îð 



æ-ºñû 

ä-ìèäû 


ä-,  îä-í 

ê-ëüöèé 


èîíä-ðû  î»-é,  тåç  øû¹-äû. 

Îë-ðäû»  т¾ñi  -º,  т-ëøûºт-ðû 

iði  æ¸íå  ½çûíûð-º,  º½ð-ìûíä- 

ìèîãëîáèí  -ç,  ãëèêîãåí  ê¼ï 

áîë-äû.  Ì½íä-é  т-ëøûºт-ð 

º-í 


т

-ìûðë-ðûìåí 

í-ø-ð 

æ-áäûºт-ë-äû, æèûðûë¹-í ñî» 



ø-ïø-» 

áîñ-»ñèäû 

æ¸íå 

îë-ðä- 


т

îтûºтûð¹ûø 

ôåðìåíттåðäi» áåëñåíäiëiãi т¼ìåí 

êåëåäi. 

 

ƽëûí 


ìîаîíåéðîí

ûû 


            

Åа 


ааëøûºааðû 


 

482


(қысқармай  жиырылу).  Тəжірибе  жағдайында  жиырылудың  бұл  түрі 

оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады. 

Табиғи  жағдайда  таза  изотониялық,  немесе  таза  изометриялық 

жиырылулар  кездеспейді.  Денеде  бұлшық  еттің  екі  ұшы  сүйек  рычагына 

бекіген,  сондықтан ол  жиырылған  кезде  өзі  əсер  ететін  мүшенің салмағына 

тең  кедергіні,  немесе  кереғар  еттердің  қарсылығын  жеңу  керек.  Демек, 

əрекет үстінде ет талшығы əрі ширығады, əрі қысқарады. 

Бұлшық  еттің  ширығу  деңгейі  мен  ұзындығын  өзгерте  жиырылуын 



ауксотониялық  жиырылу  деп  атайды.  Қимыл  əрекет  үстінде  еттер 

ауксотониялық жиырлу жағдайында болады, бірақ онда, не изотониялық, не 

изометриялық жиырылу басымырақ келеді.  

Бұлшық еттің жиырылу ырғағы тітіркендіргіш күшіне жəне тітіркендіру 

жиілігіне  байланысты.  Мысалы,  жиілігі  6–8  Гц-тен  аспайтын  тікелей  (еттің 

өзін),  немесе  жанама  (жүйкені)  тітіркендіруге  баяу  əрекетті  талшықтардан 

құралған  бұлшық  ет  дара  жиырылумен  жауап  береді.  Өйткені  тітіркендіру 

аралығында  босанып  шыққан  кальций  иондары  қайтадан  саркоплазмалық 

торға  еніп  үлгереді.  Мұндай  дара  жиырылулар  тітіркендірген  соң  бірден 

басталмай,  жасырын  (латенттік)  кезең  деп  аталатын  біршама  уақыттан 

кейін  басталады.  Бақаның  балтыр  етінде  бұл  мерзім  0,01  с.  Осыдан  кейін 

еттің  0,04  с  созылатын  жиырылу  сатысы  жəне  0,05  с  созылатын  босаңсу 



сатысы байқалады. Демек, дара жиырылуды бейнелейтін қисық сызықта үш 

кезең  бейнеленеді:  жасырын  кезең,  жиырылу  жəне  босаңсу  кезендері. 

Босаңсудан  кейін  қисық  сызықта  майда  толқындар  байқалады.  Бұл  ет 

талшықтарының оралымдығына байланысты құбылыс (171-сурет, І). 

 

 

 



 

 

 



 

171-ñóðåт

Á½ëøûº 



åт 

æèûðûëóûíû» т¾ðëåði: 

— 

ä-ð- 



æèûðûëó; 

í½ñº-ì-  —  тiтiðêåíäiðó  ñ¸тi, 

т

¼ìåíãi  тîëºûíäû  ñûçûº  — 



ýëåêтðîì-ãíèттiê  ê-ìåðтîí- 

íû» 


ñåêóíäûí- 

100 


ðåт 

æèiëiêïåí  тåðáåëóií  áåéíå- 

ëåéтií  ñûçûº;  --á  —  æ-ñû- 

ðûí  (ë-тåíттi)  êåçå»,  á-â  — 

æèûðûëó 

êåçå»i, 


â-ã 

— 

áîñ-»ñó  êåçå»i;  II  —  ñóïåð- 



ïîçèöèÿ 

(¾ñтåìåëåíó), 

í½ñº-ì-ë-ð 

— 

ø-ì-ë-ñ 



æ-ó-ï тóäûð-тûí ¸ñåðëåð; Í 

—  ¾ñтåìåëåíå  æèûðûëó;  III  — 

êåðтïåøтi тåт-íóñ; IV — тåãiñ 

т

åт-íóñ. 




 

483


Бұлшық  етті  күші,  əсер  мерзімі  жəне  жиілігі  тұрақты  тітіркендіргішпен 

бірнеше  рет  тітіркендірсе,  «баспалдақ  феноменің  байқалады,  алғашқы 

бірнеше  тітіркендіруге  бұлшық  ет  жиырылу  амплитудасын  өсіре  жауап 

береді.  Бұл  құбылыс  тропонин  белогымен  қосылысатын  кальций 

иондарының концентрациясының өсуіне байланысты. 

Жеке тітіркендіруге оқшауланған шапшаң əрекетті талшықтар «барынша 



немесе ешнəрсе жоқң  заңдылығына сəйкес жауап береді. Мұндай жағдайда 

тітіркендіргіштің  тек  бастапқы  күші  ғана  таралатын  əрекет  потенциалын 

тудырып,  кальций  иондарының  толық  босануын,  миофибриллалардың 

барынша  жиырылуын  қамтамасыз  етеді.  Бірақ  денеден  оқшауланбаған 

бұлшық  етті  электр  тогымен  тітіркендіргенде,  оның  жиырылу  күші 

тітіркендіру  күшіне  байланысты  өзгереді:  тітіркендіргіш  күші  осы  ет 

құрамына  енетін  барлық  талшықтар  үшін  табалдырықты деңгейге  жеткенге 

дейін ет талшықтарының жиырылу амплитудасы өсе береді. Бұл құбылыс ет 

құрамында  жуандығы  мен  қозғыштығы  əр  түрлі  талшықтардың  болуына 

байланысты.  

Бұлшық етке арасы өте жиі (100 мс шамасында) екі тітіркендіргіш тіркес 

əсер  етсе,  ет  талшықтары  толық  босаңсып  үлгермейді  де,  алғашқы 

жиырылуға  келесі  жиырылу  үстемелей  жалғасып,  қабаттасып  кетеді.  Оған 

кальцийлік  сораптың  саркоплазмалық  тордан  шыққан  кальций  иондарын 

тітіркену  арасында  кері  қайтарып  үлгермеуі  себеп  болады.  Осыдан 

жиырылулар  үстемеленеді  (суперпозиция).  Бұл  құбылыс  тітіркендіру 

жиілігіне  қарай  толық  немесе  жартылай  жүреді.  Ол  толық  жүрсе,  екі 

жиырылу қосылып, жалғыз биік шың пайда болады. Аталған жағдайлардың 

қайсысында да еттің жиырылу амплитудасы дара жиырылу амплитудасынан 

биік келеді (171-сурет,ІІ). 

Бұлшық  етке  күші  зор  ырғақты  тітіркендіргішпен  əсер  етсе,  ет  ұзақ 

мерзімге  қарыса  күшті  жиырылады.  Жиырылудың  бұл  түрін  қарысу 



(тетанус) деп атайды. Ол тісті (тітіркендіру жиілігі 20–40 Гц шамасында 

болса)  жəне  жазық  (тітіркендіру  жиіліп  50  Гц  асса)  болып  бөлінеді  (171-

сурет, ІІІ, ІV). Тітіркендіру күші бірдей болғанның өзінде қарыса жиырылу 

амплитудасы  дара  жиырылу  амплитудасынан  биік  болады.  Қарыса 

жиырылуды  туғызу  үшін  тітіркендіру  аралығы  рефрактерлік  кезеңнің 

ұзақтығынан  кем  болмау  керек.  Бұл  мерзім  əрекет  потенциалының 

ұзақтығына (3 мс) шамалас. 

Қалыпты  əрекет  үстінде  бұлшық  етке  мотонейрондардан  импульстер 

жекелеп емес, топтасып келіп отырады. Олардың жиілігі нақтылы жағдайға 

жəне əрекет бірлестігінің табиғатына байланысты өзгереді. Орталық жүйке 

жүйесінен  келетін  импульстер  сирек  болса,  ет  талшықтары  дара  жиырылу 

режимінде  əрекет  етеді,  ал  ол  жиілесе,  бұлшық  ет  тетанус  жағдайына 

көшеді. 



 

484


Қарыса  жиырылу  жағдайында  бұлшық  ет  дара  жиырылумен 

салыстырғанда тез қажиды. Осыған байланысты бір бұлшық еттің өзінде əр 

түрлі əрекет бірлестігімен өтетін импульстер саны өзгеріп отырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет