Жануар физол



Pdf көрінісі
бет415/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

                                                     204-сурет. Козғағыш нейрондар  

                                                                                 бірлестігі. 

 

Гамма-мотонейрондар  интрафузальдық  (ішкі  шүйкелік)  ет  талшықтарын 

жүйкелейді.  Альфа-мотонейрондармен  салыстырғанда  олар  сирек  ырғақты 

тітіркендіргіштермен  тітіркенеді  жəне  оларда  гиперүйектену  нашар 

туындайды.  Бұл  нейрондар  ешбір  қимыл-əрекет  тудырмай,  тек 

интрафузальдық  ет  талшықтарын  ғана  жиырылтады.  Осының  нəтижесінде 

олардағы рецепторлардың экстрафузальдық ет талшықтарының жиырылуына 

немесе босаңсуына сезімталдығы өзгереді (205-сурет). 

-ëüô--ìîтîíåéðîíä-ðäû» 

ºûçìåтií 

ðåттåóäå 

-êñîíä-ðäû» 

á¾éið 


т

-ðì-ºт-ðûí-í т¾çiëãåí êåði 

á-éë-íûñтûº 

æ¾éå 


ìåí 

-ðí-óëû  тåæåãiø  íåéðîíä-ð 

Ðåíøîó 


т

îðø-ë-ðûíû» 

ì-»ûçû 

çîð. 


Îë-ðäû» 

º-éт-ðûìäû 

т

åæåãiø 


ûºï-ëûíû»  -ðº-ñûíä-  ºîçó 

ìåí 


т

åæåëó 


ïðîöåñтåðiíi» 

-ð-ñûíä-¹û 

¾éëåñтiê 

º-ìт-ì-ñûç åтiëåäi.

 



 

552


 

 

205-сурет.  Бұлшық  еттің  ұршықты  торшасы  жəне  оның  жүйкелену 

принципі. 

 

Вегетативтік  жүйке  жүйесінің  нейрондары  ерекше  торшалар  тобын 



құрайды.  Симпатикалық  нейрондардың  денесі  жұлынның  бүйір  мүйізінде 

орналасады.  Олар  қан  тамырларының,  ішкі  ағзалар  қабырғасы  бірыңғай 

салалы еттерінің, бездердің қызметін реттеуге қатысады.  

Парасимпатикалық  нейрондар  денесі  жұлынның  құйымшақ  бөлігінде 

орналасады.  Оларға  аялық  (фондық)  белсенділік  тəн.  Қуықтағы  қысым 

жоғарыланған сайын бұл торшалардың белсенділігі арта түседі. 

Жұлындағы  аралық  нейрондар  өсінділері  жұлын  шеңберінен  сырт 

шықпайды.  Олардың  өсінділері  орналасу  жағдайына  қарай  жеке  сегменттік 

жəне  проекциялық  болып  бөлінеді  де,  бір  сегмент  деңгейіндегі  жəне 

сегментаралық  байланысты  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар  жұлында 

өсінділері  бірнеше  сегментті,  тіпті  жұлынның  əртүрлі  бөліктерін 

байланыстыратын  аралық  нейрондар  да  болады.  Олардың  аксондары 

жұлынның  өзіндік  шоғырларын  түзеді.  Аксондары  өте  ұзын  аралық 

нейрондар  проекциялық  нейрондар  деп  аталады.  Олар  жұлынның  өрлеу 

жолын құрайды. 



Жұлын  рефлекстік  жəне  өткізгіштік  қызмет  атқарады.  Жұлында 

көптеген  сомалық  (тəндік)  жəне  вегетативтік  рефлекстер  доғасы 

тұйықталады.  Мысалы,  ит  жұлынының  беломыртқалық  бөлігіндегі  бір 

аралық  нейрон  беткейінде  650,  ал  қозғағыш  нейронда  5500  шамасында 

синапс  орналасады.  Осының  нəтижесінде  жұлын  көптеген  рефлекстерді 

атқаруға қатысады. Жұлынның əртүрлі бөліктерінде (мойын, кеуде, бел) бас, 

мойын,  дене  тұлғасы  мен  аяқ  еттері  қызметін,  дене  қимылын  реттейтін 

орталықтар  орналасқан.  Сонымен  қатар  жұлынның  3–5  мойын  омыртқа 

деңгейінде  көк  еттің  əрекетін  реттейтін  орталық,  құйымшақ  бөлімінде  - 

нəжіс  шығару,  зəр  шығару  жəне  жыныстық  рефлекстер  орталығы  орын 

тебеді.  Жұлыннан  біраз  парасимпатикалық  жəне  барлық  симпатикалық 

жүйкелер  басталады.  Осының  нəтижесінде  жұлын  ішкі  ағзаларда  жүретін 

процестерді - тамырлар тонусын, ұлпалық зат алмасуды, тер бөлуді реттеуге 

қатысады. Жалпы жұлынның қатысуымен қорғаныстық рефлекстер, кереғар 

еттер  рефлекстері,  керілу  рефлексі,  висцеромоторлық,  вегетативтік 

рефлекстер атқарылады. 

Рефлекстік қызметпен қатар жұлынның импульстерді өткізу қызметінің 

маңызы  зор.  Бұл  жүйке  талшықтарынан  құралған  ақ  заттың  өткізгіш 

жолдарының  қатысуымен  атқарылады.  Өткізгіш  жол  деп  құрылысы  мен 

қызметі  жағынан  біртекті  жүйке  талшықтарының  топтарын  айтады.  Олар 

жұлынды  мимен  жəне    жұлынның  əртүрлі  бөліктерін  бір-бірімен 




 

553


жалғастырады.  Əрбір  өткізгіш  жолдың    талшықтары  біртекті  нейрондардан 

басталып, ортақ қызмет атқаратын нейрондарда аяқталады. 

Қызмет  ерекшеліктеріне  қарай  жүйке  талшықтары  жалғастырғыш 

(ассоциативтік), 

көлденең 

ұластырғыш 

(комиссуральдық) 

жəне 


проекциялық 

(афференттік 

жəне 

эфференттік) 



болып 

бөлінеді. 



Ассоциативтік  талшықтар  немесе  олардың  шоғырлары  жұлынның  жеке 

бөлімдерінің  бір  жақты  байланысын  қалыптастырады.  Бұл  талшықтардан 

құралған  жұлынның  өзіндік  шоғырлары  жұлынның  жеке  сегменттерін  де 

бір-бірімен  байланыстырады.  Комиссуральдық  талшықтар  жұлынның 

қызметі  бірдей  симметриялы,  қарама-қарсы  бөліктерін  бір-бірімен 

байланыстырады.  Проекциялық  талшықтар  жұлынды  орталық  жүйке 

жүйесінің  жоғарғы  бөліктерімен  байланыстырады.  Бұл  талшықтар 

жұлынның  негізгі  өткізгіш  жолдарын  -  өрлеу,  немесе  орталыққа  тепкіш, 

афференттік жолдарын құрады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет