554
206-сурет. Жұлыниың көлденең қиындысындағы өрлеу (сол жақта) жəне
төмендеу (оң жақта) жолдарының схемасы:
1 – жұлын-таламус жолы; 2 – жұлын-мишык. жолы; 3 – сына тəрізді жол; 4 –
нəзік жол; 5 – айқасқан пирамидалық жол; 6 рубро-жұлын жолы; 7 –
вестибуло-жұлын жолы; 8 – ретикуло-жұлын жолы; 9– тіке пирамидалык,
жол.
Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөліктері мен артқы
аяқтардан, ал сына тəрізді шоғырмен дененің алдыңғы бөліктері мен
алдыңғы аяқтарынан келетін қозу импульстері өткізіледі. Жұлынның
бойымен аталған шоғырлар талшықтары үзілмей жəне қиылыспай өтеді де,
сопақша мидағы Голл жəне Бурдах ядроларында аяқталады. Осы жерде олар
екінші нейронмен синапс түзеді. Екінші нейрон өсінділері сопақша ми
деңгейінде айқасып, дененің қарсы бөлігіндегі таламустың арнаулы
ядроларында аяқталады. Бұл жерде олар үшінші нейронмен жалғасады.
Олардың аксондары үлкен ми жарты шарлары қыртысының ІV-қабатының
нейрондарына бағытталады. Жалпы бұл жол арқылы тітіркендіргіштің əсер
еткен аймағын, оның аумағын, мерзімдік сипатын ажыратуға мүмкіндік
беретін айқын сигналдар өткізіледі.
Латеральдық жұлын-таламус жолы ауырсынту жəне температуралық
əсерлерді, ал вентральдық жұлын-таламус жолы - тактильдік (жанасу)
əсерді өткізеді. Кейбір деректерге қарағанда бұл жолдармен пропиро- жəне
висцерорецепторларда туындаған қозу толқындары да 1–30 м/с
жылдамдықпен өткізіледі. Жұлын-таламус жолының талшықтары өздері
енген сегментте аяқталады, немесе сол жұлынға енген жағымен бірнеше
сегментті бойлай өрлеп, айқасады да, қарсы беттегі нейрондармен
жалғасады. Олардан басталған аксондар көру төмпешігінде аяқталады.
555
Таламустық нейрондар аксоны үлкен ми жарты шары қыртысына
бағытталады. Жұлын-таламустық жол арқылы тітіркендіргіштің сапалық
сипаты жайлы ақпарат алынады.
Жұлынның ең көне өткізгіш жолы болып дорсальдық жұлын-мишық
жолы немесе
Флексиг шоғыры саналады. Бұл жолды жұлынның үстіңгі
(дорсальдық) мүйізінде орналасқан нейрондар аксоны құрайды. Жұлыннан
басталған жол айқаспай тіке мишыққа жетеді. Жұлын-мишық жолының
талшықтарымен қозу толқыны 110 м/с жылдамдықпен өткізіледі. Бұл жол
арқылы аяқ еттері мен баймалдары рецепторларынан тарайтын импульстер
өткізіледі.
Вентральдық жұлын-мишық немесе
Говерс шоғыры жұлынның
дорсальдық мүйізіндегі нейрондар аксонынан құралып, импульсті мишықтың
дененің қарсы беткейіндегі жартысына жеткізіледі. Бұл жол сіңірден, тері
мен ішкі рецепторлардан тараған импульстерді өткізеді, дене қимылдарын
қамтамасыз етіп, дене кейпін бақылауға мүмкіндік береді. Вентральдық
жұлын-мишық жолымен импульстер 120 м/с жылдамдықпен тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: