Жануар физол



Pdf көрінісі
бет427/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

19.3.6. Соңғы (алдыңғы) ми 

 

Алдыңғы ми омыртқалы жануарларда мидың негізгі жəне ең үлкен бөлімі 

болып  табылады.  Ол  дорсальдық  бетінде  ұзыннан  жатқан  сай  арқылы  екі 

жарты  шарға  (үлкен  ми  сыңарларына)  бөлінеді  (218-сурет).  Əрбір  үлкен  ми 

сыңарлары  өз  кезегінде  ми  жабынынан  (қыртысынан),  иістік  мидан,  жолақ 

денеден жəне мидың бүйір қарыншасынан тұрады. Сайдың түбінде екі жарты 

шарды  бір-бірімен  жалғастырып  тұратын  ақ  зат  табақшасы  қасаң  (мүйізді) 

дене орналасады. Мүйізді дененің астыңғы жағында қос талшықты белдеуден 

құралған жарты шарлар күмбезі жатады. Мүйізді денеден төменірек əр жарты 

шарда  мидың  үшінші  қарыншасымен  жалғасатын  бүйір  қарыншалар 

орналасады (219-сурет). 

  

 

218-сурет. Мидың үстіңгі бетінің көрінісі: 

1– жоғарғы мандайлық қатпар; 2 – ортаңғы  

маңдайлық қатпар; 3 – алдыңғы маңдайлық 

 қатпар; 4 – артқы орталық қатпар; 5 – жо 

рарғы төбелік бөлік; б – артқы  төбелік 

бөлік; 7 – шүйде қатпары. 

 

 

 



 

 

Əрбір  жарты  шарлар  құрамына  базальдық  (қыртыс  асты)  ядролар  мен  ми 



қыртысы  енеді.  Ми  қыртысы  мен  базальдық  ядролар  алдыңғы  мидың 

торшалық  затын  құрайды.  Ми  қыртысы  мен  қыртыс  асты  түйіндер 

аралығында  ақ  зат  жатады.  Ол  арқылы  алдыңғы  мидың  өткізгіш  жолдары 

өтеді.  Үлкен  ми  сыңарларының  өткізгіш  жолдары  негізінен  үш  түрлі 

талшықтардан  құралады:  жалғастырғыш  (ассоциативтік)  -  бір  жарты 

шардың  əртүрлі  бөліктерін  жалғастырады,  комиссуральдық  (көлденең 



жолдар)  -  жарты  шарлардың  симметриялы  бөліктерін  жалғастырады  жəне 

проекциялық  -  ми  қыртысын  мидың  төменгі  бөлімдерімен  жалғастырады. 

Сонымен  қатар  ми  қыртысында  төртінші  -  жанама  (коллатеральдық 

 



 

574


жолдар)  болады.  Олар  үлкен  ми  сыңарларының  бетіне  параллель 

орналасады да, ми қыртысын жеке-жеке қабаттарға бөледі. 

 

 

              



       

 

 



 

 

 



 

 

 



Қыртыс асты (базальдық) түйіндер. Үлкен ми жарты шарлары қыртысы 

мен көру төмпегі аралығында орналасқан торшалар шоғырын қыртыс асты 

немесе  базальдық  түйіндер  деп  атайды.  Оларға  жолақ  дене  (стриатум), 

бозғылт ядро (паллидум), шарбақ жəне бадамша дене жатады (220-сурет). 

 

220-сурет. Қыртыс асты (базальдық) түйіндер жүйесі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет