барысында организмнің өзіне ғана тəн ішкі ырғақ түрінде біртіндеп пайда
Организмнің ішкі тəуліктік ырғағының бейнесі ретінде ұйқы мен ояу күйді
608
Ұйқының екі түрі болады: жалғыз фазалы жəне көп фазалы.
Жалғыз
фазалы ұйқыға күндізгі немесе түнгі ұйқы мен ояу күйдің тəулік бойына бір
ғана рет алмасуы тəн. Көп фазалы ұйқыда ояу күй мен ұйқы тəулік ішінде
бірнеше рет қайталанып, алмасып отырады.
Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сəйкес ұйқының əрбір кезеңінде
бірін-бірі алмастырып отыратын екі саты байқалады: баяу толқынды (сергек,
ортодорсальды) ұйқы жəне терең (шапшаң, пародоксальды) ұйқы. Сергек,
ортодоксальды ұйқы кезінде ЭЭГ-да жоғары амплитудалы баяу, дельта-
толқындар, ал терең, парадоксальды ұйқы сатысында жиі ырғақты, кіші
амплитудалы толқындар жазылады. Соңғы сипаттағы белсенділік негізінен
ояу күйге тəн. Демек, ұйқының екінші сатысында ЭЭГ сипатына қарағанда
ми белсенді қызмет жағдайында, ал организмнің өзі ұйқыда болады.
Сондықтан ұйқының бұл сатысын пародорсальды ұйқы деп атайды.
Жоғарыда баяндалған ұйқы сатылары бір-бірінен вегетативтік
қызметтерде туындайтын өзгерістердің сипатымен де ерекшеленеді.
Мысалы, сергек ұйқы сатысында тамырдың соғуы сиреп, артериялық қысым
төмендесе, терең ұйқы кезінде «вегетативтік дауылң соғып, тыныс
жиілейді, оның реттілігі өзгереді, тамырдың соғуы жиілеп, оның
ырғақтылығы бұзылады, артериялық қысым жоғарылайды, гормондардың
белсенділігі артады, малдың мұрты жыбырлап, құлақтары қимылдайды, аяғы
қозғалып, жұтыну, қас қағу сияқты əрекеттер байқалады. Жоғарыдағы
өзгерістерге қарамай жұлын мотонейрондарының əрекеті күшті тежелу
жағдайында болады.
Пародоксальды (терең, шапшаң) ұйқы эволюциялық даму кезінде
кейінірек пайда болған. Бауырымен жорғалаушыларда ұйқының бұл түрі
байқалмайды, құстарда нашар дамыған, сүт қоректілер қатарында оның үлесі
көбейе бастайды.
Терең ұйқының ұзақтығы малдың жасына, оны күтіп-бағу жағдайына
қарай өзгеріп отырады. Жас төлдерде парадоксальды ұйқы сатысы
басымырақ. Мысалы, 8 күндік көжекте оның жалпы ұйқы мерзіміндегі үлесі
16% болса, 12 – күндік қозыда 3,7% қана болады. Сақа жануарларда
парадоксальды ұйқы сатысының үлесі күрт төмендейді (итте – 10-15%,
шошқада 8–9, күйісті малда 3–4%). Байлауда бағылған сиырда
парадоксальды ұйқы сатысының ұзақтығы тəулігіне 40 минутқа тең болса,
жазғы жайлым жағдайында ол 20 минутқа дейін қысқарады (И.В.Рукебюш).
Майда жануарларда, ірі жануарлармен салыстырғанда терең ұйқы сатысы
қысқарақ келеді: егеуқұйрықта 10 мин, мысықта – 30 мин, адамда – 1,5 сағ,
пілде – 2 сағатқа жуық.
Жалпы алғанда үй жануарлары - жылқы, ірі қара, майда тұяқтар, шошқа
тəулігіне 5–7 сағ. ұйықтайды. Олардың ұйқысы тəулігіне 7–8 кезеңде өтеді.
Сонымен қатар үй жануарлары тəуліктің біраз уақытын қалғу жағдайында
өткізеді.
609
Ұйқы - күрделі нейрогуморальдық құбылыс болып табылады. Оның
табиғатын зерттеу барысында екі түрлі теория - гуморальдық жəне жүйкелік,
қалыптасқан. XX – ғасырдың басында Француз ғалымдары ұйқы тəуліктік
əрекет барысында зат алмасу өнімдерінің - гипнотоксиндердің жинақталуы
салдарынан туындайтын құбылыс деген болжам айтқан. Қатты шаршаған,
немесе қысқы ұйқы жағдайындағы жануар миының сығындысын еккеннен
соң мысық пен ит ұйқыға кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: