Жануар физол



Pdf көрінісі
бет58/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Жиырылғыштық.  Қозу  толқынына  жүрек  еттері  жиырылумен  жауап 

береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын, немесе 

кернеу  күйінің  (тонусының)  артуын,  ширығуын  айтады.  Жүрек  еттері 

бұлшық еттермен салыстырғанда баяулау жиырылады. Жиырылу кезеңінің 

ұзақтығы  əрекет  потенциалының  өшу  жылдамдығына  байланысты.  Ол 

шапшаңдаса,  жиырылу  кезеңі  де  қысқарады.  Жүрек  еттері  ұзақ  уақыт 

жиырылу  жағдайында  (тетанус)  бола  алмайды.  Əрбір  жиырылу  кезеңінен 

соң ет міндетті түрде босаңсып отырады.  

Жүрек  еттерінің  жиырылу  күші  тітіркендіргіш  мөлшеріне  тəуелді 

болмайды.  Əлсіз,  табалдырықтан  төмен  тітіркендіргішке  жүрек  жауап 

бермейді.  Ал  тітіркендіргіш  күші  табалдырыққа  жетсе,  онда  жүрек  еттері 

бар күшімен жиырылады. Бұдан əрі тітіркендіргіш күшін қаншама өсірсе де, 

оның  жиырылу  күші  өзгермейді.  Жүрек  еттерінің  бұл  қасиетін  Боудич 

“барынша  немесе  ешнəрсе  жоқ”  деген  заңдылық  деп  атады.  Айта  кетер 

жайт,  бұл  заңға  миокард  белгілі  бір  жағдайларда  ғана  бағынады.  Мысалы, 

қазіргі  кезде  жүрек  еттерінің  жиырылу  күші  олардың  бастапқы  созылу 

дəрежесіне,  қоректік  заттардың  құрамына,  температураға,  т.б.  себептерге 

байланысты  өзгеретінін  көрсетіп  отыр.  Бұл  тұрғыда  “барынша”  деген 

зандылықтың  өзгеретінін  байқаймыз.  Заңдылықтың  “ешнəрсе  жоқ”  деген 

мағынасы  да  жүрек  еттерінің  биологиялық  қасиеттерін  сипаттай  бермейді. 

Мысалы,  əлсіз  тітіркендіргіштерге  жүрек  еті  жиырылумен  жауап  бермесе 

де,  онда  күрделі  өзгерістер  байқалады:  зат  алмасу  күшейеді,  температура 

өзгереді, торшаларда биопотенциалдар пайда болады. 

Неміс  ғалымы  Отта  Франк  жəне  ағылшын  зерттеушісі  Эрнест  Старлинг 

алғаш рет жүрек еттері неғұрлым көбірек созылса, олар соғұрлым күштірек 

жиырылатынын дəлелдеді. Жүрек еттерінің бұл ерекшелігін “жүрек заңы” 

деп  атайды.  Жүрекке  қан  неғұрлым  көп  оралса,  ол  соғұрлым  қанды  көп 

айдайды.  Демек,  жүректен  қуылатын  қан  мөлшері,  венамен  оралатын 

қанның  мөлшеріне  қарай  өзгеріп  отырады  да,  оң  жəне  сол  қарыншалардан 

қуылатын қанның жалпы көлемі бірдей деңгейде сақталады. 



 

83

Рефрактерлік.  Қозу  үстіндегі  жүрек  еттерінің  қандай  да  болмасын 

тітіркендіруге  жауап  бермейтін  қасиетін  рефрактерлік  деп  атайды. 

Жүректің рефрактерлік кезеңі абсолюттік, салыстырмалы жəне экзальтация 

сатыларына бөлінеді. Систола кезінде жүректің қозғыштық қасиетінің толық 

жойылуын абсолютті (толық) рефрактерлік деп атайды (18-сурет, в). Бұл 

сатыда жүрек еттері  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет