Жануар физол


 Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет55/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

5.4. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері 

Жүрек  еттеріне  қаңқа  еттері  сияқты  қозғыштық,  жиырылғыштық,  қозу 

толқынын өткізгіштік қасиеттері тəн. 



Қозғыштық.  Жүрек  еттері  электрлік,  механикалық,  температуралық, 

химиялық  тітіркендіргіштердің  əсерінен  əрекетті,  белсенді  күйге  көше 

алады.  Тітіркендірудің  əсерінен  натрий  иондары  ет  талшықтарының  ішіне 

өтеді де, мембрана үйексізденіп, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда 

болады да, қозған жəне қозбаған бөліктер арасында потенциалдар айырмасы 

туындайды. 

Миокард  торшаларында  қаңқа  еттерімен  салыстырғанда  əрекет 

потенциалдары  ұзағырақ  (200-400  мс)  сақталады  (жүйке  жəне  қаңқа 

еттерімен  салыстырғанда  100  есе  ұзақ).  Жүректің  соғу  жылдамдығы 

минутына  70-ке  тең      болса,  əрекет      потенциалының  ұзақтығы  0,3  секунд. 

Жүректің жұмысы жиілесе, ол қысқарады, ал сиресе - ұзарады. Қозудың бір 

толқыны    екіншісімен  тезірек  алмасса,  əрекет  потенциалы  тезірек  өшеді. 

Осының  əсерінен жүрек  еттері Кис-Фляк  түйінінде  пайда болатын қозудың 

ырғағына  бейімделеді.  Қозу  толқыны  ұзақтығының  өзгеруінің  арқасында 

жүрек жұмысының ырғағы өзгереді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет