Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет101/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   122
Құмырсқалар. Ұрпаққа деген ерекше қамқорлықты құмырсқалардың кейбір түрлері танытады. Құмырсқа патшайымы бірден ұяның еденіне жұмыртқалайды. Ал жанында тұрған күтуші-құмырсқалар жұмыртқаларды бірден жиып алып кетеді де, барлығын үйіп температура мен ылғалы ұрықтың дамуына ыңғайлы камераларға қояды. Ауа райының барлық өзгерісінде құмырсқа інінде өзгеріп отыратын температура мен ылғалдылығына байланысты жұмыртқаларды бірде топырақ бетіне жақын жерге көшірсе, бірде керісінше іннің түпкі жағына көшіріп отырады. Осы мәселелер кейін дернәсілдер мен қуыршақтарды орналастыру кезінде де туындайды.

Бұдан өзге құмырсқалар үнемі дернәсіл мен қуыршақ жұмыртқаларын араластырып, аударып, жалап отырады. Дернәсілдерді асырауда қиындықтар да аз емес. Әдетте құмырсқа дернәсілі қылшықтармен қамталған арқасымен жатады. Бұл қылшықтар дернәсілді жерге тигізбей ұстап тұрады. Жұмысшылар шайналған тамақтың түйірін дернәсілдің иегіне қояды. Ол жерден дернәсіл тамақты тілімен өзі алып, тамшы-тамшыдан жұтады. Дернәсілдер әлі жас кезде жұмысшылар оларды інге жем таратушы әкелген сұйық жеммен ауыздан тамақтандырады. Сонымен қатар дернәсілдер жұмысшылар отырғызатын жеуге арналған жұмыртқалармен де тамақтанады.

Дернәсілдер қуыршақтарға айналғаннан кейінгі күтуші-құмырсқалардың басты міндеті - оларды індегі ең қолайлы жерге көшіру болып табылады. Дернәсіл мен қуыршақ ұрпақты өсіруге қатысты жағдай күрделене түсуі - олардың дамуы үшін қалыпты температура мен ылғалды қажет етуінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет