Омыртқасыздар.
Ұрпағына қамқорлық көрсету әдістері. Жоғарыда көрсетілгендей, судағы омыртқасыздардың көбінің түрлері отырғызылған
жұмыртқаларына ешқандай қамқорлығын көрсетпейді, бұны олардың үлкен санымен өтеуімен сипаттайды. Бұл ретте осындай мінезқылық қарапайым формасынан, соның ішінде қарапайым ішіктаяқшасынан, жетілген басаяқтыларға тән. Осылай, тереңқабатта мекендейтін кальмарлары топпен кезеңдетіп жоғары көтеріледі, себебі таяз жерінде өте көп санында толыққанды жұмыртқаларын отырғызады. Жұмыртқаларды дене үстінде күтіп бағуы судағы омыртқасыздардың көп түріне тән. Осы және жоғарыда айтылып кеткен теңіз жұлдызы, теңіз кірпілері, сонымен қатар шаянтәрізділердің көбі: шаян, теңізшаяны, аяшаяны, қысқышсыз шаян т.б.
Ұрпақтарын және жұмыртқаларын дене үстінде бағып қағуы – құрғақта мекендейтін бестенетті өрмекші түрлерінде кездесетін қарапайым құбылысы. Бағып күтуші рөлін олрада аналығы орындайды. Осылайша, Ресейдің орта белдеуінде мекендейтін қасқыр – өрмекшілері өрмектен ұя жасап, құрсағының артқы жағыны қыстырып тасыйды. Жұмыртқадан жаңа жыққан өрмекшілері бастұлға бөлігіне қарай орналасады, онда олар бір – бірімен жанжалдамағанға дейін болады. Бұл жанжал олар өз бетімен өмір сүре алатына дейін сенімді болмағанша орындалмайды. Қорғанышты қамтамасыз етіп, ұрғашы аналықтары өз ұрпақтарын азықпен қамтамасыз етпейді және олардың қар – қатынасына ешқалай әсер етпейді. Алыс туыстары құрғаық өрмекшілердің, теңіз өрмекшілерінің аналықтары ұқсас қызметін атқарады. Олардың табандары арнайы бездерімен қамтылған, жабысқақ секреттерін бөледі, ол болса жұмыртқаларды ұстап қалады, отырғызып жатқан аналығы, аяқ – қолдарымен ұстап алатын аталығы орындайды. Осындайға ұқсастық кейбір жәндіктерінде байқалады, мысалы, жыртқыш судағы қандаласы – сулы сары шаянында. Ол дене пішіні бәріне жақсы таныс тасбақа – қандаласына , ал алдыңғы аяқ – қолдарының құрылысымен – сарышаянға ұқсас болады. Ұрықтанғаннан кейін, аналығы ұрытанған жұмыртқаларды аталығының арқасына отырғызады, онда олар оның арқасына жабысып және екі жеті шамасында – одан балағқұртары шықпағанша дейін орналасады. Жыртқыш көпяқтылар түрі жұмыртқалы ұяны қорғайды, олар «басып шығаруы» сияқты оралып алады.
Болашақ ұрпақтарын азықпен қамтамасыз етуі. Көптеген омыртқасыздар, жұмыртқаларын орнатпағанша дейін, өз болашақ ұрпақтарына азықтық қорын қамтамасыз етеді.
Көптеген жәндіктерде дәл осы әрекеті ұрпағына қамқорлық көрсетуімен теңделеді. Ұрғашыға ұрпағына қажетті қоректік ортасы жеткілікті болуы қажет, мысалы, орамжапырақ көбелегіне – орамжапырақ, жібеккөбелегіне – жібектер. Кейбір жәндіктер арнайы ұрпағына тек азықпен ғана емес, сонымен – қатар панамен қамтамасыз ететді. Мысалы ара мен соналар, олар туралы біз арнайы бөлімде айтып кеттік. Ал аңшы – соналар өз балаңқұрттарын өрмекшілермен, шегірткелермен қамтамасыз етеді. Яғни, жұмыртқа орнатпағанша, олар құрбаның жансыздандырып, жүйке түйіндеріне у жіберу арқылы, сонымен ол қозғалынбай қалады, бірақ тірі болады және балаңқұрттарына оның даму кезеңі бойы, қоры ретінде қызмет етеді. Қызық, жәндіктредің бірталай қатарында ересек өмірінің циклі шектеулі болады, яғни шағылысу және жұмыртқа салу, содан кейін олар өліп қалады. Осылайша, күндік – жәндіктің тіршілігі бір күнмен шектеледі, оны оның аты дәлелдейді.
Көптеген омыртқасыздары жұмыртқалары ба ркокондарын арнайы қазылған ұяларға салады. Осындай мінез – құлықтар жаңбыр құрттарына және кейбір ұлу түрлеріне тән. Сегізааяқтылардың ұрғашылары өз жұмыртқаларына тастардан үңгір табады немесе өздері ұя салады. Үңгір ішінде салынған жұмыртқаларына ұрғашысы жақсылап қорғайды және оларға ең жоғары инкубациялық режимін қалыптастырады.
Омыртқасыздарда моногамии белгілері. Қызығының бірі, омыртқасыздарда да кейде моногомды некелік одақтастығы байқалады. "…Аталықтары мен аналықтың бірлестігі ұқсас жағдайда, ұрпақтарын күтіп бағу үшін, болашақ анасы қосамша көмексіз дайындық жұмысын атқара алмайды. Мысалы, шағын қабық жегіш – қоңыздарының ұрғашылары ағаштың қалың қабатына жұмыртқаларын орнатады, онда олар микроскопиялық саңырауқұлақтарымен қоректенеді, осында оларды аналарының өздері «отырғызады». Өз міндетін атқару үшін, аналығы ағаш дініңде ұзын кіріс жолын тесуі керек, оның ішінде болашақ ұрпақтарының тербелісіне байланысты көптеген бөліенген жолдары болады. Осында оған көмекке аталығы келеді. Ол аналықтың артына келіп оған басымдылықты әрекеттер жасайды, себебі оның кеміріп жатқан ағаш дініне оның жақтарын қысымын жоғарлатуы үшін. Әрдайым шығу жолында ағаштың үгінділері жиналған кезінде, аталығы артқа қарай жылжып, өңделген өнімді шығу жолдары арқылы сыртқа шығарып тастайды. Бірлескен жұмыс аяқталған кезде, аналығы осы жерде, туннелдің соңғы бөлімінде аталыққа беріледі, содан кейін ол жұмыртқа салуға кіріседі және әр бөлімін бітей бастайды. Аталығы болса, ұяны тазалап болған соң, жуырда серіктесін тасап кетеді" (Панов, 2002. б. 311).
Өлген жануардың етімен қоректенетін қарақұс – қоңызында ұқсас мінез – құлығын байқалады. Қарақұстың аналығына, болашақ ұрпақтарының ұясы жайлы алдын ала ойластыруы керек, себебі ол қолданысқа кетуі мүмкін. Мұнда жұмыс соншалықты, жалғыз аналықтың өзі ешқалай орындай аламайды. Болашақ серіктестіктің одасқтастығы, екеуінің біреуіне жаңа өлген жануар мен құты табуға бұйырған кезде, дәл сол жерде беріктіктігі нығаяды. Кейін олар бірлесіп жұмыс істейді. Қоңыздар, қаратерге түсіп жұмыс істеуі, өлексені басқа жануарлар жоқ жерге тасуы кезінде, басқа, мазаң қарсыластары тап беруі мүмкін. Аталығы ары қарай келген қоңыздардың қарсылығына төтеп береді, ол ұрғашысымен бірге өлексені жерге көмеп тастайды, одан жүндерін немесе қауырсындарын «қияды», етті консервілеу және шіруіне жол бермеу үшін сілекеймен және экскременттермен жағып тастайды.
Бұл уақытта қоңыздардан өлексегі шағын биттері ауысады, олар болшақта тағамға түскен арамтамақ – шыбынның жұмыртқаларынан қорғап отырады. Осы дайындықтардың аяқталуынан кейін, аналығы жартыжүздей орналасқан жұмыртқалардың қасында, азықты жердің үстінде қалдырады. Егер азық – қоры үлкен болмаса, ол барлық отбасыға жетпеуі анық кезінде, ересек қоңыздары жеркенбей балаөлтіруімен айналасады, о дүние қрпақтарының жартысын аттандырады. Жұбайлық байланысқа келетін болсақ, онда олар, әдетте, ұзақмерзімді болмайды: өзіне байланысты қажетті міндеттерін орындаған соң, аталығы ұрғашысын және ұрпақтарын олардың өз бетімен тіршілік етпегенше дейін тастап кетеді (Панов, 2002. б. 312).
Ұқсас жолмен сасыққоңыздың және скарабаевтің тек аналықтары емес, сондай – ақ аталықтары қи шарларын дайындайды, ол қрпақтарын тамақтандыруы үшін керек. Бұл процестің басталуы, аталығы аналығына шарды үйену сыйлығы ретінде ұсынады, кейін олар бірге, оны бірлесе домалатады.
Моногомды некелігінің жиынтығы күрделі отбасылық қатынаста шаянтәріздестердің қарапайымды құрлықта өмір сүретін – шөлді есеқұртында анықталған. Осы жануарлардың қарым – қатынасы жайлы көркем сипаттаған Е.Н. Панов: " Көктемгі жаңа қоныс мерей тойы есекқұрттардың құдалығымен байланысты. Інің қазуға кіріскен аналығы, оның аймағына кедергісіз кірген (біз білетіндей аналығы мұнда тек өз қарсыластарын кіргізбейді), қатар тұрған кавалерден ол ұнатқаның таңдайды. Жерлік қатынасы бойынша, аталығымен жұмысы басталған жерлерде, олардың әрбіреуі айналасында жүрген серіктес аналықтарын тандауына барлық мүмкіндіктері бар.
Некелік одақтастығы байланысқаннан кейін, ерлі – зайыптылар ұя салуымен бірге еңбектенеді. Осы сәттен бастап «Менің үйім – менің қамалым» заңмен жазылмаған күшіне ие. Ің иелері ешқандай себеппен өзгеге бермейді. Өйткені жаңа ұя салуы жоғалғанның орнына ыстық күндері жаймен – жай мүмкін емес: ыстықпен құрғатылған топырақ есекқұрттың әлсіз жақтарына жеңіл берісіпқоймас. Өз қамалдарынан бөтендерге айырылып қалмас үшін, аталығы мен аналығы кезтене іңге кіру жолын өз денесімен жауып тұрады, ал кезекшіліктен бос жүрген мүшесі, аймақтан азық іздеуімен кетіп қалады.
Сақтап қойған жұмыртқаларын аналық түр өзінің кеудесіне іліп, бір ай шамасында өзінің жанында ұстайды. Жұмыртқаларын жарып шыққан жас есекқұрттар алғашқы 10-20 күн інінде қалып, сондықтан шөлейт күндізгі аптаптан арылғанда олардың ата-аналары кезекпен балаларына жем іздеуге шығуына тура келеді. Әкесі мен шешесінің шаруалары аз емес, бір шығарылымда 80 жуық тұл болатынын ескерсек, олар өздерінің жетілуі үшін балғын және шүйгін шөпті қажет етеді. Оларды ата-аналары індеріне тікелей акеліп береді. Жасөспірім жәндік іннен біртіндеп шыға бастаған кезде, зайыптылардың жұмысы қиындай түседі. Осы уақытта төңірек шегіне басқа семъялардан жас есекқұрттар кіріп кетуге тырысатындықтан ата-аналары қайсысы өз балалары, қайсысы өзінікі еместігін шешіп, қуып жіберуі тиіс.
Осылайша, уақыт өте келе балаларының өздері ата-аналарына аумақты қорғауға көмек беріп, бөтен ешкімді кіргізбейді. <...> Расымен де, алдымызда кем дегенде жарты жыл бойы, көктемнен күзге дейін, бірлікте ұйымдасқан моногамиялық отбасы. Отбасының құрушылар өз арасында қорғану және ұрпақты асырау сынды міндеттермен бөліссе, олардың балалары ата-аналарына олардың ортақ территориясын қорғауға көмектеседі. Мұншалық жоғары дәрежеде ұйымдасқан отбасылық өмірді бұдан да үлкен жануарлардан, мысалы құстардан, көріп жүргендіктен, бізді аса таң қалдыра қоймады. Бірақ мұндай қарапайым жаратылыстар үшін, сөз жоқ сирек кездесетін құбылыс. Сондағысы олар түрлі жағдайлардың тоғысуына міндетті: желбезекпен тыныс алатын жәндіктер тағдыр қалауымен жылына бір-ақ рет өзіне және келешек ұрпағына тұрақ жасауға болатын шөлдің тіршілік иелеріне айналды. (Панов,2002. С. 314-316)
4.Қоғамдық жәндіктердің ұрпағына қамқорлығы. Жануарларды сүйетіндерді үлкен, күрделі ұйымдасқан отбасылармен – мемлекеттік жәндіктермен таң қалдыра алмайсың. Мұндай топтармен құмырсқалартермиттер мен аралар өмір сүреді. Олардың отбасыларында бір, кейде бірнеше толыққанды ұрғашы, еркегігің кішігірім тобы, ал саны миллионнан асатын отбасының қалған мүшелері бір, не бірнеше ананың балалары. Қоғамдық жәндіктердің ұйымдасуының негізгі принципі – ұрғашы-аналық әрдайым жұмыртқа салады, олар біртіндеп метаморфоз кезеңінен кейін жұмыс істейтін жәндіктерге айналады да, отбасының тұрақты тіршілігін қамтамасыз ету үшін түрлі міндеттер атқарады.
Аралар. : Жұмыртқаны енді ғана жарып шыққан жас аралар бірден өсіпөнуге күтім жасауға кіріседі. Олар дернәсілді ана сүтімен асырайды, ол өз кезегінде арнайы бездерді бөліп, торларды тазалайды, араға айналған дернәсілдің ұясын балауызбен желімдейді және т.б. Өскен сайын әр ара өзінің міндетін өзгертіп отырады, алғашында ол балауызды шығарумен айналысса, кейіннен тазалайды, сосын жем дайындаушыға айналады, кейін қарауылға. Жоғарыда айтқанымыздай, көбею мен жұмыртқадан шығатын даралардың тұрпатына қатысты барлық процестер жатыр бөліп шығаратын феоомондар арқылы қатаң гормондық бақылауда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |