65
сөнуі, бірақ азықпен оны қамтамасыз етпейді. Бірнеше рет қайталанған соң
шамның жанып-сөнуі сілекей бөлінуді тудырмайды. Бұл үрдіс шартты тежегіш
тітіркендіргішке айналады. Осы тітіркендіргіштің әсерінен ми қыртыстарында
тежелу үрдісі байқалады. Демек, жетілу бір белгінің қайта байланыс орнатуынан
және басқасының байланыспауынан туындайды. Өзінің қасиеттері бойынша
тітіркендіргіштер қаншалықты жақын болса, жетілу соншалықты жұқарақ болады.
И.П. Павловтың зертханасында иттердің минутына 100 метроном соққысынан 96-
сын ажырата алатындығы, бір – бірінен У8-де ажыратылатын үндерді жетілдіруді
және т.б. жасай алатындығы дәлелденген. Ми қыртысындағы жетілуші тежелудің
өңделуінің арқасында ағза әр түрлі тітіркендіргіштерді талдайды. Осы үрдістің
нәтижесінде нақты өмір сүру жағдайларына қарай жануарлардың тиісті мінез –
құлығы дамиды. Тежелудің бұл түрі үлкен ми сыңарларының әрекеттерінің
талдауының негізінде жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: