«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет2/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Дәріс 1.
Тақырыбы: «Кіріспе. Биохимия пәні. Физикалық және коллоидтық химия. Ерітінділер, диффузия, осмос, осмостық қысым. Электролиттік диссоциация.
рН (сутектік көрсеткіш) және оның маңызы.
3. Буферлік жүйелер.
4. Буферлік сыйымдылық
»
Дәріс мақсаты: Биохимия пәнінің маңызын түсіндіре отырып, басқа да химия (физикалық және коллоидтық химия) және жаратылыстану ғылымдарымен байланысын беру. Электролиттік диссоциация құбылысын, сутектік көрсеткіш және буферлік жүйелер жөнінде мағлұмат бере отырып, биологиялық маңызын түсіндіру.
Негізгі терминдер: Биологиялық химия, метаболизм, катаболизм, анаболизм, ерітінділер, еріген зат, еріткіш, диффузия, осмос, осмостық қысым. Электролиттік диссоциация, рН (сутектік көрсеткіш), рН-метр, индикаторлар, буферлік жүйелер.:
Биологиялық химия - тіршіліктің молекулалық негізі жөніндегі ғылым. Ол тірі организмдердің химиялық құрамын, тірі материяда болатын химиялық реакцияларды зерттейді. Биологиялық химияның атауы «bіоs» - тіршілік, өмір деген грек сөзінен шыққан. Демек, ана тілімізге аударып айтатын болсақ, биологиялық химия - тіршілік химиясы деген мағынаны білдіреді. Ал тіршілік дегеніміз - адам үшін және бүкіл тірі организм үшін ең басты, негізгі құбылыс.
Табиғатта кездесетін 115 химиялық элементтің,80-ге жуығы тірі ағза жасушасы құрамында болады.Олар жасушадағы мөлшеріне қарай 3-топқа бөлінеді.
1-Органикалық қосылыстардың құрамына кіретін негізгі элементтер. Жасушадағы үлесі 99 %.
2-Ион түрінде кездесетін элементтер.Жасушадағы мөлшері 1%.
3-Микроэлементтер жасушада үлесі өте аз 0,01% кем
органикалық заттардың құрамына кіретін негізгі элементтер және олардың мөлшері

Элементтер

% үлесі

Элементтер

%үлесі

О

65-75

N

1.5-3

С

15-18

P

0.2-1.00

Н

8-10

S

0.15-0.20

Ион түрінде кездесетін элементтер



Ион

% үлесі

Ион

% үлесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет