Тақырыбы:Жасушадағы зат және энергия алмасу.
Катаболизм.Анаболизм. Фотосинтез
Дайындаған:Ерғали Назерке
Тобы:ЖХБ 211
Зат алмасу (метаболизм) – жасушаның тіршілігін
қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық
химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің
тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-
қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп,
олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда
болған жай заттардың жасушалар мен мүшелерге
тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп
шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің
биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің
организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір
тәртіппен ферменттік айналуға түсуін –метаболизмдік
жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім –
метаболиттер деп аталады.
Метаболизмнің қарапайым
молекулалардан күрделі құрылымдық
заттардың түзілу реакциясы –
анаболизм
, ал бұған қарама-қарсы
өтіп жататын
процесті
катаболизм
дейді
Анаболизм, биосинтез немесе конструктивті
метаболизм, клетканың қор заттары және құрылымдық
элементтерінің биосинтез реакцияларының жиынтығы.
Анаболизм кезінде клеткалық заттардың қарапайым
молекулалардан синтезі энергия жұтылуымен жүзеге
асады. Анаболизм жолында ең алдымен клетканың
негізгі компоненттері, одан кейін полимерлі
макромолекулалар синтезделеді. Клеткада анаболизм
және катаболиз процестері бір уақытта жүреді, бір-
бірімен тығыз байланысты процестер. Метаболизм
нәтижесінде көмірсулар (пируват) органикалық
қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған
органикалық қышқылдар аммиак азотымен
реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май,
белоктар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында
аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. қарапайым заттарға
айналады
Микроорганизмдерге энергияны қажет:
•қоректік заттарды цитоплазмалық мембрана арқылы
тасымалдауға ;
•қоректік заттардан негізгі клеткалық компоненттерді
синтездеуге;
•көбею мен клетка қозғалысына.
Достарыңызбен бөлісу: |