«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж


) Аммиак пен көмір қышқыл газдан мочевинаның синтезделуі



бет32/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
лек. биохим

3) Аммиак пен көмір қышқыл газдан мочевинаның синтезделуі. Алғашқы екі синтездік реакцияларға пайдаланылмаған аммиак мочевинаның синтезделуі үшін жұмсалады Құрлықтық омыртқалы жануарларда аммиак мочевина түрінде бөлініп шығады, ал құстарда зәр қышқылы түрінде бөлінеді.
Мочевинаның түзілуі жөніндегі теорияны 1932 жылы Г. Кребс ұсынған болатын. Қазір ол теория дәлелденді, жаңа ғылыми жаңалықтармен толықтырылды. Ол теория орнитин циклы немесе мочевина циклы деп аталады. Мочевина циклына бес реакция кіреді. Оның әрқайсысын жеке ферменттер катализдейді. Амин қышқылдары құрамындағы амин тобынын аммиак көзі болып табылатынын біз білеміз. Ал көміртегінің диоксиді митохондриядағы тыныстау процесінен шығады.
а) Мочевина циклының бірінші кезеңі - карбамоилфосфат түзілуі. Ол аммиак пен көмір қышқыл газынан АТФ-тың екі молекуласының энергиясын пайдалану арқылы түзіледі. Реакцияны карбамоилфосфатсинтетаза ферменті катализдейді және ол митохондриялық матриксте өтеді.

Карбамоилфосфат




Орнитин Цитруллин

б) Карбамоилфосфат пен орнитиннен цитруллин түзілуі. Реакцияны орнитин-транскарбамоилаза ферменті катализ-дейді. Фосфат бөлініп шығады.




Цитруллин Аргинино сукцинат
(Аргининянтар қышқылы)

в) Аргининосукцинаттың түзілуі. Цитруллин митохондрия-дан шығып, бауыр клеткаларының цитозолына ауысады. Мұнда ол аспарагин қышқылымен әрекет-теседі және аргининянтар қышқы-лы пайда болады. Бұл реакция үшін АТФ энергиясы жұмсалады және оны аргининосукцинат-синтетаза ферменті катализдейді.




Аргининосукцинат Аргинин





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет