Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен



бет15/46
Дата11.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#137841
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Тақ төбе аралық сүйек - os interparietale бас қаңқасының ми саутының артқы қабырғасында, шүйде сүйегінің қабыршағының үстінде орналасқан. Пішіні үш бұрышты. Ұшы маңдай жотасына бағытталған, ал екі шетінде жұп төбе сүйегі орналасқан.Төбе аралық сүйектерде төбе аралық қуыстар бар. Төбе аралық сүйегі өте ерте кезінен шүйде, төбе және маңдай сүйектерімен тұтасып өседі.
Ерекшеліктері: Жылқыларда төбе аралық сүйегінің сырты төрт бұрышты. Шошқаларда жоқ. Иттерде жүрек тәріздес болып келеді.


Төбе сүйегі (жұп) -os parietale- шүйде сүйегінің қабыршағымен вентральды, маңдай және самай сүйектерімен дорсальды жанасады. Төбе арасында мүйізбен қатарлас орналасқан артқы жағында төбе аралық сүйек орналасады. Төбе сүйектерінде қуыстар бар. Әртүрлі жануарларда сыртқы беті әртүрлі болып келеді, бірақ олардың барлығы да самай шұңқырының қалыптасуына қатысады.
Ерекшеліктері: Жылқыларда төбе сүйегінің сыртқы бетінде сыртқы сагитальды жота көрінеді, ол бірте-бірте назальды түрде маңдай жотасына өтеді. Шошқаларда ол қомақты, сыртқы беті самай жотасымен бөлінеді. Сүйек қуыстары бар. Иттерде төбе сүйектері бір-бірінен жотамен бөлінген.
IV. Бақылау сұрақтары:
1. Маңдай, торлы, төбе және төбе аралық сүйектердің ерекшеліктерін нақты - нақты оқып-зерттеу.
2. Суретте бас қаңқасында осы сүйектердің орналасқан орындарын қарастыру.
3. Әртүрлі үй жануарлар сүйектерінің айрықша ерекшеліктері.
9 САБАҚ
Тақырыбы: Бас қаңқасының бет бөлімінің сүйектері.
I. Сабақтың мақсаты:
1. Ірі қара малдың бас қаңқасында жоғары жақсүйегі, төменгі жақсүйегі және тұмсық сүйектің құрылысын көрсету мен оқып-зерттеу.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Көлденең тілінген ірі қара малдың бас қаңқасы.
2. Көлденең тілінген тағы басқа үй жануарлардың бас қаңқасы.
3. Плакаттар, бас қаңқасының атласы мен әдістемелік нұсқау.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары.


Бет сүйегі - cranium viscerale- - бастың бет бөлімін құрайды. Онда ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің басталар бөліктері мен иіс сезу, көру мүшелері орналасады. Оның құрылуына: жоғары жақ сүйегі, төменгі жақ сүйегі, тұмсық сүйегі, мұрын сүйегі, бет сүйегі, көз жасы сүйегі, таңдай сүйегі, қанат тәріздес сүйегі, соқаша сүйегі, дорсальды және вентральды мұрын кеуілжірлері және тіласты сүйегі кіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет