Сібір жарасы ауруының қоздырушысы –Bacillus anthracis, ірі 3-10x1-1,5 мкм қозғалмайтын грамоң, спора түзетін ауасы бағалы таяқша. Микроб қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі.
Сібір жарасы қоздырғышының төзімділігі: микробтың вегетативтік түрі әртүрлі қолайсыз жағдайларға төзімсіз. Сойылмаған шіріген өлекседе 7 тәулікте ыдырайды. 60° С қыздырғанда 15 минутта, қайнатқанда – қолма - қол, тура түскен күн сәулесінен бірнеше сағаттан соң өледі. Кәдімгі дезинфектанттардың әсерінен тез арада өледі, -10º кезінде 24 күн, ал -15° С жағдайында етте 15 күнге дейін сақталады.Споралары өте төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілгін сақтайды, суда жылдар бойы, топырақта ондаған жылдар сақталады.
Васillus anthracis-тің электронды суреті.
Васillus anthracis. Капсула түзуі
Васillus anthracis. Капсула түзуі
Васillus anthracis. Тығыз қоректік орталарда өсуі («арыстанның жалы»).
Васillus anthracis. Тығыз қоректік орталарда өсуі («арыстанның жалы»).
Аурудың патогенезі
Ауру қоздырғышының басталу көзі болып ауру малдар саналады. Себебі олар топалаң қоздырғышын сілекей, нәжіс, несеп және сілекейлері арқылы сыртқа шығарып отырады. Жұқпалы ауру қоздырғышының берілу факторлары ретінде залалданған сыртқы орта объектілерін жатқызуға болады. Оларға тері, жүн, сүйек, мүйізбен бірге топалаңнан өлген малдың өлексесі жатады. Бұлардың ішінде ең қауіптісі-малдың өлексесі. Сол себепті, ветеринарлық заңдылықтар бойынша топалаңнан өлген малдың өлексесін сойып, етін пайдалануға рұқсат жоқ. Дер кезінде залалсыздандырылмаған, жинақталмаған өлекселерді жабайы аңдар мен құстар жан-жақты таратуы мүмкін.
Зақымданған кілегейлі қабық пен тері арқылы өткен ауру қоздырушысы өзінін, агрессиндері мен экзотоксиндері арқылы енген жеріндегі дененің қорғаныс күштерін бейтараптап, өсіп-өнеді де, сөл жүйесіне өтіп, сөл түйініне, одан соң канға тарайды да фагоцитгермен тұтылады. Сөл арқылы бүкіл денеге жайылып, лимфалық макрофагтық жүйенің элементтерінді бекітіледі. Бацилалар әсіресе көкбауырда шоғырланып, онда елеулі патологиялык өзгерістер туғызады. Егер әлсіреген жануар аса уытты микробпен қағынса бірден септицемия өлі тию байқалады да, мал бірер сағаттан кейін өліп қалады.
Сібір жарасының коздырушысы денеге тері арқылы енсе, сол орыны қанталап ісінеді де, карбункулға күйдіргі айналады. Карбункул бірден емес,кейіннең, ауру қоздырушысының қан арқылы келуінен де болады. Бұл ошақта микроб өніп-өсіп, токсинді бөледі де, организмді уландырады. Алдымен таяудағы қанталап, ісініп, одан микроб қанға өтіп ақыры мал сиптемициядан өледі