ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы » институты
«Ветеринария және биоқауіпсіздік» жоғары мектебі
«Жануарлар патологиясы» пәні бойынша КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Сібір жарасы Орындаған: Вм-31 топ студенті Берік Құралай Тексерген: аға оқытушы, PhDдокторы Монтаева Н.С
Мазмұны:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Пато-анатомиялық жарып сою мәжіліс хаты
Диагноздеу жағдайды талдау
Аурудың сипаттамасы мен мағынасы
Аурудың этиологиясы
Аурудың патогенезі .
Клиникалық және анатомиялық сипаттама
Ұқсас аурулардан дефференциалды диагноздеу
ҚОРЫТЫНДЫ
Күйістілер дикроцелиозы
Дикроцелилозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлері, әсіресе күйіс малы және кеміргіштер ауырады. Адамға да дикроцелий құрты өте қауіпті. Дикроцелиозге шалдыққан мал арықтап, ет-сүт, жүн өнімі төмендейді, кейде тіпті өлімге де ұшырайды. Зақымданған мал бауыры, әдетте тамаққа жарамсыз. Сорғыш құрттар бауырдың өт жолдары мен өт қалтасында тіршілік етеді.
Қоздырғышы
Қоздырғышы. Dicrococoelium lanceatum (Stiles et Hassal,1896) ұзынша келген (тұрқы 0,5-1,5 см) жіңішке, өте үсақ, қандауыр (ланцент) тәрізді құрттар. Бұл гельминттердің артқы жағы доғал- дау, ал алдыңғы жағы сүйірлеу келеді. Денесінің алдыңғы бөлігінде көлемі біркелкі ауыз және құрсақ емізіктері (сорғыштары) орналасқан. Солардың қатарында, яғни құр- сақ сорғышына жақын, қалақшаға ұқсас, кі еркек жыныс бездері жайғасқан. Дикмроцелийдің қалған 2-3 бөлігіне жуығын, ауақ қоңыр түсті жүмыртқаға толы жатыр алып жатады.
Өсіп-өнуі. Дикроцелиоз қоздырғышы аралық және қосымша иелері көмегімен дамиды. Олардың аралық иелері-құрлық ұлулары (Bradibenidae тұқымдастары) және қосымша иелері құмырсқалар (For- тіса туысынан) болып табылады. Құрт жұмыртқалары ішінде, қалып- тасқан ұрығы - мирацийдий бар. Олар мал нәжісімен бірге сыртқа шығады. Онан соң, құрт жұмыртқалары жайы- лымда ұлулар денесіне енеді. Одан әрі келесі сатысы - церкарийлер пайда болады. Бір ұлудың өзінде бірнеше мың церкарий болуы ықтимал. Ұлу организмінде құрттардың мирацийдий сатысынан церкарийге дейін даму уақыты 3-6 ай. Жетілген церкарийлер ұлулардың тыныс қуысына , ауысып, денесінен топ-тобымен бөлініп шығып, ылғалды тас, ан- шөп-өсімдіктерге жабысады.
Ақтық иесінің «ас- қазан-ішегіне» жетісімен метацеркарийдің сыртқы қабығы қоры- тылып, церкарийлер өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетіп, 2,5-3 ай аралығында жынысы жетілген ересек құртқа айна- лады. Мал бауырында олар 6 жылдан артық уақыт тіршілік етеді. л Эпизоотологиясы. Дикроцелиоз малға тек қана өрісте жұғады. Тау бөктерінде бидайық-жусаны мол жайылымда дикроцелийдің