Карбункулезді формасы (қатерсіз).
Үрдіс теріде шектелген қызарумен және қабынды экссудатының пайда болуымен басталады, олар тұйық конус түріндегі қызыл алаңның орталық бөлігін көтереді.
Конус шыңында эпителий қабаты алынып қалады және оның астында мөлдір немесе күңгірт сұйықтығы бар көпіршік түзіледі. Ол кейін кеуіп, қара көмірге айналады. Тері асты клечаткасы жуандалады, ісінеді.
Макроскопиясы тері және тері асты клечаткасының өткір серозды – геморрагиялық қабынуы. Жануарларда терісінің біріншілік карбункуласы қоңыр – қызыл түске ие, оның ортасында кабыршақ, кейін жара түзіледі.
Қойлар мен ірі қара малдарда пустулалар мен қара қабыршақ түзіледі (оларда сібір жарасы вульгврлы серозды – геморрагиялық ісік түрінде өтетіндіктен).
Өткір өтетін инфекциялық аурулардан дифференциальді диагностикалау. Ірі қара малдар, жылқы пироплазмидозыанық сарғыштықпен, жұмсақ ұлпалардың ісінуімен, ұлғайған көкбауырдың пульпасымен, ішек – қарын тромбасында жергілікті және диффузды өзгерістермен, терідегі карбункулалармен көрінеді. Жылқылардың инфекциялық анемиясы кезінде тері асты клечаткасының ісінуі мен қан қоспасы жоқ құрсақ клечаткасының серозды сипаты байқалады, ұлпалар сарғайған, көк бауыр ұлғайған, бірақ қан сұйық, сулы, ақшыл – қызыл, ұюы жақсы болады.
Қатерлі ісік кезінде: соққы жергілікті өзгерістермен пайда болады. Жылқылардың терісінжегі осындай шектелген аумақтар. Карбункуланы еске түсіреді, ол аумақтарда бұлшық еттердің серозды – гемморагиялық қабынуы байқалады, ақырында некроз және крепитация мен газ түзілу пайда болады. Ірі қара малдар мен қойларда қатерлі ісік кезіндегі өзгерістер жыныс ағзаларының маңайына орналасады және туу кезіндегі зақымдалуларға байланысты.
Күйіс қайыратындардың эмфизематозды карбункуласы кезінде көкбауырдың ұлғаюы және ісіктік қабынулар, терідегі ісінулер болмайды. Пастереллездің өткір формасы кезінде көкбауырдың ұлғаюы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |