«Жануарлар патологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. Оқытушыларға арналған



бет15/15
Дата06.01.2022
өлшемі34,99 Kb.
#14275
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
умк паталогия

1У.АРАЛАС ДИСПРОТЕИНОЗДАР

Аралас диспротеиноздарда клеткалармен қатар клеткааралық зат зақымдалып өзгереді. Мұның себебі күрделі белоктар глюкопротеидтер, нуклеопротеидтер және хромопротеидтердің алмасуының бұзылуында.

Глюкопротеидтердің құрылымдарында белоктар мен полисахаридтер бар (муцин және мукоидтер кілегей және кілегей тектес заттардың негізі болып есептеледі). Оларды толуидин немесе метилен көгімен бояғанда метахромазиялық қасеті байқалады; муцикарминмен ал-қызыл түске боялады.

Осы заттардың алмасуының өзгеруі әсерінен пайда болатын-ұлпалық мезенхималық дистрофиялар кілегей қабығы бар ағзалар мен дәнекер тоқыманың торшаралық затында, шеміршекте,сүйекте кездеседі.

Табиғи қалпына кілегей арнайы бокалды торшалар мен кілегей бездері шығарады. Олардың зақымдалуынан байланысты (бокалды клеткалардың саны көбейіп,көлемі ұлғайып,формасы өзгереді)кілегей шырынның саны мен сапасы күрт өзгереді,ол қалыптан тыс көп бөлініп шығады.

Кейбір мукоциттер (бокалды торшалар) базальді мембранадан үгітіліп түседі; кілегейлі дистрофия кілегей қабығы бар ағзалар торшаларының суланып қабынуына байланысты дамыйды.

Әр түрлі дәнекер тоқыманың кілегейлі дистрофиясында торшаралық талшықты құрылымдарда бояу әсерінен өзгертетін заттар шөгіп жиналады және олар сол құрылымдардың орнын жайлайды. Ткандердің клегейленуі аштыққа, иодтың жетіспеулігінен немесе қалқанша бездің қызметінің нашарлап төмендеуіне байланысты.

Кілегейлі дистрофияда сүйек тұздардан айырылып жұмсарады,оның Ағзаикалық негізі мен талшықты құрылыстары ыдырап азаяды. Нуклеопротеидтердің алмасуы бұзылу себептен Ағзаизмде несеп қышқылы көбейіп, несеп тұздарды пайда болады. Олар буындарда, бүйректе,серозды қабықтарда шөгіп,подагра немесе несеп қышқылды диатез деген ауру тудырады.

Негізінен алғанда ит пен құстарға белок үнемі көп берілсе подагра оларда жиі кездеседі.Бұл аурудың тағы да бір себебі бүрек пен ішектің зақымдалуында, әйткені нуклеопротеидтердің алмасуы нәтижесінде пайда болатын несіп қышқылы осы Ағзадар арқылы Ағзаизмнен шығарылады.

Несіп қышқылды тұздар буын қабында, оның маңайындағы ткандерде шөгіп, олардың қабынуына әсер етеді; сөйтіп буынның табиғи құрлысы азып бұзылады. Сонымен қатар несіп қышқылының тұздары бүйректің, бауырдың, жүректің қаптарында ақшыл-сұрғылт ұнтақ немесе кристалл тәрізді болып шөгеді.Хромопротеидтер немесе ішкі пигменттер (боялған белоктар) Ағзаизмнің дұрыс өмір сүруін қамтамасыз етуде зор маңызы бар заттар. Айталық, протеинді пигмент меланин теріге, шашқа (жүнге),көз қабықтарына, тұяқтарға табиғи рең береді. Гемосидерин, ферритин,гемофусцин, билирубин,гемотоидин гемоглобиннен пайда болады, сондықтан оларды гемоглобиногенді пигменттер деп атайды.

Гимосидеринде, ферритиннің құрамында темір бар. Липофусцин мен липохромдар да хромопротеиндерге жатады.

Пигментацияның бұзылуына байланысты Ағзадардың реңі өзгереді. Терісі пигментсіз малдар күн сәулесінің әсерінен (фотосинтез)жонышқа мен тарыдан уланады; пигменті бар жерлерде кейде меланома ісігі пайда болады. Гемоглобиногенді пинминттерінің алмасуының бұзылуы жылқының індеті қан аздығы (ИНАН) ауруында, лептоспирозда кездесіп, Ағзаизмде гемосиероз бен саргаюдың тууына әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет