Дипломдық жұмыстың нысаны. Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін ұйымдастыру технологиясы.
Қорғауға ұсынылатын нәтижелер:
Delphi программалау ортасында интерфейс құру жолдары анықталды;
Жануартану пәніне мультимедиялық анимация;
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу кұралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің " алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік кұралдар кұрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- таратылып берілетін оқу материалдары;
- бақылау және тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған әдістемелер;
әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
- экранда берілетін барлық акпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.
1 Мәселенің қойылуы
1.1 Компьютерлік оқыту мәселелері
Соңғы жылдар білім беру жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық және инструменталды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т.б.) құрал [5].
Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқытылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай алады:
- компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және есептерді шығаруда) ;
бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу).
Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру - педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.
Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сатысында маңызды.
Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында жаңа, әмбебап ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады. Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімділігін көрсетеді, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды [1].
Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмді құрудан тұрады. Ал, алгоритмдерді сипаттау оны түсінуге , оқуға жеңіл болуы тиіс, оған қоса алған бағыттан ауытқымайтын дәл әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы есптерге де түсінікті болса, екінші жағынан – программа дұрыстығын тексеру үлгісіндей бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның объектілерін негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктердің қарастырылуы тиіс [6].
Одан әрі компьютер арқылы жүргізуге дайындалған сабақтың программасын жасау – берілген алгоритмді компьютер программасына аударуға барып тіреледі . Мұндай жоғары деңгейдегі программалау тілдері немесе электрондық сабақтарды жасаудың жүйелік құралдары қолданылады.
Мұнан соң даяр болған оқыту программалық жабдықтамалары әдістемелік нұсқаулармен және пайдалануға қажетті ұсыныстармен толықтырылды .