Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау Кіріспе


Компьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері



бет5/24
Дата15.12.2022
өлшемі2,62 Mb.
#57573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
dip -zhanuartanu-panine-multimedijalyq-animacija-processin-zhasau-jasavi-2010-63

1.4 Компьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері

Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қәзіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабактарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр [9].


Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:

  • компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;

- оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау.
Біздің елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар кәзіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагокикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді. Жұмысымыздың басты мақсаты - оқушыға және студентке тереңде тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр муғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар ,оны оқушыға студентке меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білүі тиіс. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда: студенттердің пәнге қызығушылығының артуы,оқу процесі қарқынының жоғарылауы, шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен, студентпен жұмыс жасауға, әр қайсысына әр турлі тапсырмалар беріп, барлық студент білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады,кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергені немесе қай жерде білімінің осал екенін дөп басып көмек көрсете алады. Әр студент,өзі еңбек етеді,кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағыдан селқос көшіріп отырмай,есепті өзі шығаруға тырысады. Сабақта компьютерді пайдалану студентті шапшаңдыққа,тапқырлыққа үйретеді. Студент пен мұғалім қызметінде информациялық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар студенттің психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу кұралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің " алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады [10].
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік кұралдар кұрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- таратылып берілетін оқу материалдары;
- бақылау және тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған әдістемелер;

  • әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;

- экранда берілетін барлық акпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу кұралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның акпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компыотерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс [18].
Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу кажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет