Жапбарова Г. А



Pdf көрінісі
Дата07.04.2017
өлшемі125,26 Kb.
#11197

УДК 811.512.122 

Жапбарова Г. А. 



М

.

Əуезов

 

атындағы

 

Оңтүстік

 

Қазақстан

 

мемлекеттік

  

университеті



Шымкент

 

қаласы

 

 

ЛЕКСИКАЛЫҚ НОРМА ЖƏНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  СӨЗДІ ҚОЛДАНА БІЛУ 

МƏДЕНИЕТІНЕ ЖАТТЫҚТЫРУ 

 

Макалада

 

кеп

 

маданияты



тилдик

 

норма



лексикалык

 

норма

 

түшүнүктөрү

 

жана

 

окуучуларды

 

сөздү

 

тандап

 

колдоно

 

билүү

 

маданиятына

 

үйрөтүү

 

тууралуу

 

сөз

 

болот

Əдеби тілдің қалыптасуы тіл нормаларының ережесі мен ұғымдарға байланысты: яғни 

айту,  сөзді  меңгеру,  сөз  қолдану,  сөздердің  үйлесімділігі  мен  сөйлемдегі  байланысы 

аймағына тəуелді болып табылады. Сондықтан  сөйлеу мəдениетінің тіл тану саласы ретінде 

үш деңгейі бар: 

1. 


Тəжірибелік  деңгей,  сөйлеу  үшін  тілдің  ауызша  жəне  жазбаша  нұсқаларының  

нормасын меңгеру. 

2. 

Əртүрлі  жағдаяттарда  тілдік  құралдарды  қолдана  білу,  стильдік  сөйлеу  жанры  т.б. 



игеру. 

3. 


Тіл заңдарына сəйкес нормалық болжам жасай білу. 

Сөйлеуші  мен  жазушы  əдеби  тілдің  нормалары  мен  ережелерін  тəжірибе  арқылы 

игереді немесе арнаулы трде үйренеді, (орфография мен пунктуацияны). Бұл туралы: «... под 

культурой 

речи 

будет 


подразумеваться 

свободное 

и 

безошибочное 



владение 

произносительными  механизмами,  готовность  памяти,  обеспечивающая  моментальный  и 

точный выбор нужного слова отсутсвие дефектов произношение, развитие речевого дыхание 

и голоса, богатая и послушная логическим законом мыслительная основа речи и т.п.; – деп, 

сөйлеудің  ауызша  нормалық  қасиеттері  бар  екендігін  көрсетеді  [1.  62].  Сондай-ақ  осы 

əдебиетте: «...значение термина культура речи обращено к выбору и использованию средства 

языка – фонетических, лексических, грамматических связей в предложений и в компанента 

текста»,  –  деп  көрсетсе,  Л.И.Скворцов:  «раздел  языкознания,  исследующий  проблемы 

нормализации с целью совершенствования языка как орудия культуры», – деп анықтайды [2. 

47]. 


Ал  Г.О.Винокур  «культура  языка,  точнее  языкового  выбора»  деп,  тілдік  құралдардың 

қолданылуына басымдық береді [3]. 

Демек,  сөйлеу  мəдениеті  тілдік  құралдарды  таңдап,  сұрыптап,  белгілі  жағдаяттарға 

сəйкес сөйлеу болып табылады. Ол тілдік норманы негізге алады. Сондықтан оқушылардың 

сөйлеу мəдениетін дамыта оқыту үшін, ең алдымен олардың тілдік норма туралы түсінігін, 

білімін қалыптастыру қажет. 

Мектеп білім беру стандарты ол туралы мынадай талап қояды: «Əдеби тіл жəне мəтін 

бойынша  əдеби  тіл  нормаларын  білу»  деген  білімін  анықтайды.  Ал  бағдарлама  білім 

мазмұны  мына  төмендегіше  анықтайды:  «Қазақ  тілінің  қоғамдық  мəні  мен  қызметі.  Əдеби 

тіл  жəне  мəтін.  Əдеби  тілдің  ауызша  жəне  жазбаша  түрі.  Əдеби  тілдің  орфографиялық, 

орфоэпиялық,  лексикалық,  грамматикалық  нормалары.  Мəтіннің  түрлері.  Мəтіндегі  тілдік 

нормалары. Мəтіннің түрлері. Мəтіндерге тілдік талдау Мəтіндерде əдеби нормалар сақталу 

қалпы». 

Сөйлеу  мəдениетінің  нормалық  сапасының  сақталуы  əр    сөздің  мағынасын 

ажыратып,  орынды  қолданумен  тығыз  байланысты.  Сол  үшін  мектепте  оқылатын  тіл 

білімінің  əр  саласы  оқушыға  сол  саладағы  негізгі  нормаларды  сақтай  білуге  үйретуден 

басталады. Сөздерді өз мағына, мəніне сай қолдана білу оқушының тілдік талғамы мен ой 

дəлдігін қатар тəрбиелейді. Мəселен, сөз мағынасын тап басып, өз орында қолдана білуде 

орын алатын олқылықтарды саралай келе Р.Сыздықова оларды былайша топтастырады: 

сөз мағыналарын түсінбей, орынсыз жерде жұмсау (майталман сауыншы); 



ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тіркестің  қосақтарын  жөнсіз  ажырату  (асқар 

телемұнара); 

о  баста  бірер  тіркесте  сəтті  шыққан  кейбір  сөздерді  оңды-солды  келтіріп,  жауыр 



ету (торқалы той); 

қалың көпшілікке түсініксіз сөздерді қайта тықпалау (сүрек бастау); 



қажетсіз тұста жаңа сөз жасау немесе қажеті бар жерде жасалған жаңа сөздің сəтсіз 

болуы (деректі һікая); 

  - 


сөздің жалтырауықтығына үйірсектік.» [4. 25] 

Мектеп  оқушыларының  тілінде  диалектілер  мен  жаргондарды  қолдану  жиі 

ұшырайды.  Диалект  сөзде  өзі  өмір  сүріп  жатқан  аймақтағы  сөздің  əдеби  байланысын 

білмеуден ғана емес, күнделікті қалып кеткен, үйреншікті қатысым дағдыларынан ажырай 

алмағандықтан  болып  жатады.  Мұғалімнің  мəндеті  –  оның  əдеби  тіл  нормасына 

жатпайтынын,  ал  əдеби  емес  нормаларының  сөз  мəдениетіне,  жалпы  адамның  болмыс 

мəдениетіне кері əсер ететінін саналы ұғындыру. 

Оқушылардың  енді  бір  жиі  қолданылатын  сөздері  –  жаргондар.  Олардың  əдейі 

сөйлеу кезінде араластырылуы балалардың жас ерекшелігімен байланысты. Бұл кезде тіл 

нормасы бүзылады. 

Тілдік нормаларды сөз еткенде тіл салаларының арасындағы өзара байланысқа табан 

тіреу  қажет.  Себебі  сөз  байлығы  тек  лексикамен  шектеліп  қоймайды,  «тілдің 

морфологиялық,  синткасистік  амал-тəсілдері,  лексикалық  қазынасы  бір-бірімен  астаса, 

ынтымақтаса,  тіл  табыса  келіп,  тіл  байлығын  құрайды».  Олай  болса,  оқушының  сөзді 

ойына  лайықты  түрлендіріп  қолдануда  сөз  тудырушы,  сөз  түрлендіруші  жұрнақтардың, 

жалғаулардың рөлін білуі, сөздердің еркін жəне тұрақты тіркестеріндегі ойдың нақтылана, 

тереңдей  түсетінін  түсінуі,  сөйлем  құраудағы  сөздердің  орын  тəртібі  мен  сол  тəртіптен 

əдейі  ауытқу  арқылы  ойды  əсерлеп  жеткізудің  жолдарын  қоса  меңгеруі  ғана  шын 

мəніндегі  сөйлеу  мəдениетіне  жетелейтін  баспалдақтар  болып  табылады.  Бұл  жұмыстар 

стильдің түрлерін өткенде одан əрі тереңдеп, өрісі кеңейе түседі. 

Тұжырымдағанда,  ауызекі  сөйлеу  тілі  мен  жазбаша  стильдердің  ерекшеліктерін 

түсіну барысында тілдік құралдардың табиғатын тануға мол мүмкіндік беріледі. Ол əдеби 

тіл нормасымен байланысты қарастырылады. 

Соңғы  жылдардағы  зерттеулерде  тілдік  норманы  іштей  жіктелетіні  туралы  пікірлер 

пайда  болды.  Бұл  тілді  оқыту  үдерісінде  оқуышылардың  сөйлеу  мəдениетін  жетілдіруде 

қолайлы болуда. Мəселен, оқулықта тілдің ішкі құрылым жүйесіне байланысты мынадай 

негізгі нормаларды көрсетеді: 

сөйлегенде тілдегі дыбыстардың дұрыс, анық айтылуы (фонологиялық-дикциялық); 



сөйлеу  əуені,  қарқыны,  дауыс  күші  мен  кідірістерді  сақтау  жəне  дауыс  тембрі 

(

интонологиялық-иросодиялық); 



екпіннің түсуін жəне түрлерін сақтау (акцентологиялық); 

əріп таңбаларын дұрыс, түссінікті салып жазу (шрифтологиялық-каллиграфиялық); 



сөйлеу мəдениетіне қатысты нормалардың сақталуы (қатысымдық); 

тілдегі  көркемдік  құралдар,  тіл  байлығын,  оның  мүмкіндіктерін  пайдалану: 



көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптау (образды-эстетикалық); 

сөйлеуде  тілдің  өз  заңдылықтарына  қатысты  халықтық,  дəстүр-салттық 



ерекшеліктерді сақтау (коммуникативтік-этникалық); 

сөйлегенде ой-пікірдің көлемін, мазмұндық құрылымын, хабырды жеткізу жүйесін 



реттеу (информативтік-коммуникативтік, контекстік) [5.56]. 

Тұжырымдағанда  сөйлеу  мəдениетінің  негізінің  бірі  тілдік  норма  болғандықтан 

оның  барлық  талаптарын  білу,  сол  талаптарда  сөйлеу,  жазу  əрекеттерінде  берік  ұстану, 

оқушылардың  тіл  туралы  дүниетанымын  кеңейтумен  бірге  сөйлеу  дағдыларын 

жетілдіруде  негізгі  шарт  болып  табылады.  Мектепте  қазақ  тілінен  білім  беріде 

бағдарламалық  тіл  білімі  салаларының  басты  бағыты  əдеби  тіл  нормаларын  меңгерту 

болып  табылады.  Сондықтан  5-9-сыныптарда  əдеби  тіл  нормаларын  игертуді  сол 

сыныптар-дағы  тіл  салалары  туралы  оқытылатын  материалдармен  байланыстыра 

қарастырылды.  

Қорыта  келгенде,  оқушылардың  сөйлеу  мəдениетін  қалыптастыру  əдеби  тіл 



нормалары  негізінде  жүргізіледі.  Ал  5-10-сынып  оқушыларына  əдеби  тіл  нормалары  сол 

сыныпта  оқылатын  тіл  білімінің  салалары  туралы  білім,  білік  жəне  дағдысын 

қалыптастырумен  байланысты  игертіледі.  Мəселен,  5-сыныпта  –  лексикалық  норма;  7-8-

сыныпта  –    синтаксистік  норма,  9-10-сыныпта  –    стилистикалық  нормалар,  ал 

орфоэпиялық, орфографиялық нормалар 5-10-сыныпта – грамматикалық материалдардың 

көлемінде игертіледі. 

Біз  бұл  жүйені  сақтай  отырып,  оқушылардың  тіл  білімдерін  əдеби  тіл  нормасына 

сөйлеу мəдениетін қалыптастыру жүйесін мына төмендегіше құрдық:  

-

 лексикалық  норма  жəне  оқушылардың  сөзді  сұрыптап,  таңдап  қолдануға 



жаттықтыру; 

-

  грамматикалық  норма  оқушыларды  жеткізетін  ойына  сай  сөйлем  құра  білу 



дағдысын қалыптастыру; 

Ал  орфоэпиялық,  орфографиялық  жəне  стилистикалық  нормаларды  ауызша  жəне 

жазбаша сөйлеу мəдениетіне байланысты қарастырылды. 

Орта  мектепте  меңгерілуге  тиісті  лексиканың  көлемі  лексикалық  білім  берумен 

анықталады.  5-10-сыныптарда  бағдарлама  мынадай  талаптар  қойған:  «Белгілі  бір  мəтін 

мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру. Баяндау, сипаттау, пікір айту жолдарымен 

жəне  түрлі  стильде  ауызша,  жазбаша  ойын  жеткізе  білуге  дағдыландыру».  Мектеп 

бағдарламасы  бұл  талаптарға  байланысты  лексиканы  оқыту  барысындағы  икемділік  пен 

дағдылары  анықтайды.  Мəселен,  5-10-сыныптардағы  лексикадан  мынадай  икемділік  пен 

дағдысын  қалыптастыруды  талап  етеді:  «Тіл  дамыту  жұмысын  жүргізгенде  оқушылар 

сөздік  қорын  молайту,  сөздерді,  сөз  тіркестері  мен  сөйлемдерді  дұрыс  құрай  білуге 

үйрету»  деумен  бірге,  сөйлем  құрағанда  айтылмақшы  ойына  байланысты  синоним 

сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарды жүргізуді ескертеді». 

Ал  Н.А.Купина  сөйлеуге  үйрету  үдерісінде  ең  маңызды  орын  алатын  материал-

лексика  деп  есептейді.  Белгілі  бір  тілді  меңгеру  үшін  лексиканы  оқытудың  өзіндік 

ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық 

тұлғаларды  білмесе,  біріншіден,  айтайын  деген  ойын  жеткізе  алмайды,  екіншіден,  басқа 

біреудің  айтқан  сөзін,  ойын  түсінбейді.  Демек,  адам  сөйлесу,  пікірлесу  үшін  тілдік 

қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды. 

Сөз  мағынасын,  мəнін  игеру  арқылы  баланың  ұғымы  да  кеңейеді,  Сол  мағына 

ұғымдарды  бір-бірімен  байланыстырып,  қарым-қатынасқа  түсіру  арқылы  ойы  дамиды. 

Соның  нəтижесінде,  өз  ойына  байланысты  сөздерді  лайықты  қолдана  білу  дағдысының 

қалыптасуы арқылы сөздерді мағынасына орай қолдана білу икемділігі де артады. 

Оқушылардың  сөйлеуде  біршама  лексикалық  қоры  болғанымен,  олардың  бəрінің 

бірдей  қолданылуын  игере  бермейді.  Сөздің  қатысымдық  əрекет  түрлеріне  байланысты 

қолданылуын игермеу сөйлеудің түрлеріне байланысты лексиканы қолдану икемділігі мен 

дағдысының  қалыптасуына  кері  əсерін  тигізеді.  Мəселен,  синоним,  неологизм,  көнерген 

сөздер  мен  диалект,  термин  сөздердің  қолданылу  ерекшеліктерін  əдеби  тіл  стильдерінсіз 

игере  алмайды.  Ауызекі  сөйлеу  мен  кітаби  стильдердегі  лексиканың  қолданылу 

ерекшеліктерін  меңгермей,  олар  бойынша  мəтін  құрастыра  білу  икемділігін  дамыту 

мүмкін  емес.  Баланың  тілін  дамыту  үшін  лексикалық  құралдардың  құрылымдық-

теориялық  мəліметімен  бірге,  қарым-қатынаста  қолданылу  ерекшелігі  туралы  білімі  мен 

дағдысын  қалыптастырып,  икемділігін  арттыру  қажет.  Мəселен,  синонимді  оқытқанда, 

оның  мəндес  сөздер  екендігі  үйретілумен  бірге  кітаби,  əдеби  тіл  стильдері  түрлеріне 

байланысты  сөйлеудегі  қолданылу      ерекшеліктері  меңгеріледі.  Ол  функционалды  стиль 

түрлеріндегі мəтіннің тілдік құралдар ретінде игертіледі. 

Лексикалық  білім  беру  мен  оның  қатысымдық  мақсатта  қолданылуын  дамытудың 

екінші  бір  мəселесі-сөзді  орынды  қолдана  білуге  баулу,  тіл  мəдениетін  арттыру.  Ол 

оқытуда  сөздерді  дұрыс  тіркестіре  білу  дағдысымен  анықталады.  Сөздерді  дұрыс 

тіркестіре  білу  сөз  мағынасымен  байланысты  жəне  ол  тек  мағына  ғана  емес,  тілдің 

грамматикалық  заңдылығына  да  негізделеді.  Демек,  баланың  тілін  дамытудағы 

лексикалық тақырыптарды таңдау қатысымдық əрекет мақсатымен байланысты. 



Жеке  сөздердің  мағынасы,  мəні,  тіркесуі,  қолданылуы  қарым-қатынас  жасау 

мақсатымен  немесе  сөйлеу  міндетімен  байланысты  түрде  игертіледі.  Мəселен, 

Н.М.Шанский:  «теоретическое  сведения  по  лексике  (отобранные  с  учетом  принципа 

научности)  должны  быть  представлены  в  такой  форме  и  обьеме,  которые  необходимы 

учащимся для выроботки определенных речевых действий», деген пікірі орынды [6. 121]. 

Баланың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту үшін сөздің мағынасын игеру мен 

оның  сөздік  қоры  жеткіліксіз  болып  қалады.  Сондықтан  сөзді  өз  тəжірибесінде  қолдана 

білуге жаттықтыру қажет. 

Сөздердің  қолданылуын  үйрету  арқылы  тілін  дамыту  жұмысы  мына  бағытта 

қарастырылады:  1)  сөз  мағынасы,  мəніне  байланысты  қолдану  дағдыларын  қалып-

тастыру; 2) сөздерді стильдік мақсатта қолдануға жаттықтыру; 

Сөз  байлығы  –  тіл  байлығы.  Бірақ  тілдегі  сөз  байлығының  барлығының  жұмсалу 

аясы  бірдей  емес.  Халық  тілінде  бар  сөздердің  көпшілігі  əдебиетте  жиі  қолданылып, 

жалпы  халықтық  нормаға  айналады  да,  бірқатары  қолданудан  қалып  қояды,  немесе  өте 

сирек  қолданылады.  Сөйлеу  тілінде  бар  біраз  сөздер  əдебиетте  кездескенімен,  əдеби 

нормаға жатпайды. Мысалы, жергілікті диалект сөздер. Ол туралы М.Балақаев: «Сөздердің 

əдеби, əдеби еместігін айыру оңай да емес, біреуге асыл көрінген сөз екінші біреуге жасық 

көрінуі  мүмкін.  Əдеби  нормаға  қай  сөз  жатады,  қай  сөз  жатпайды  дегенді  субъективті 

көзқарас  тұрғысынан  болжамай,  əдебиетте  жалпы  халыққа  бірдей  ортақ  байлық  ретінде 

жиі қолданыла ма, жиі қолданылмай ма деген тұрғысынан болжау керек», – деп көрсетеді 

[7.

З5]. 


Қазақ  əдеби  тілінің  сөз  байлығы  жалпы  халықтық  қасиеті  бар  байырғы  жəне  өзге 

тілден ауысқан сөздерден, ғылымның, өнер білімнің, техниканың. саясаттың, мəдениеттің 

тағы да басқа алуан терминдерінен құралады. 

 

Жазба  əдебиет  арқылы  тіл  байлықтары,  оның  құрылымы  бір  қалыпқа  түсіп 



ерекшеленеді.  Жазуы  болмаған  халықтың  тілі  əдеби  тіл  дəрежесіне  көтеріле  алмаған 

болар  еді.  Қазақ  халқының  жазуы  болмай  түрған  кезде  бай  ауыз  əдебиеті  болды. 

Сондықтан  М.Балақаев:  «Сөйтіп,  «əдеби  тіл»  деген  ұғым  халықтың  жазу  мəдениетімен 

тығыз байланысты екен. Əдеби тіл жазу арқылы, əдеби мұраларды баспаға басып, жұртқа 

тарату  арқылы,  ауызекі  тілдің  байлықтарын  екшеп  саралау  арқылы  қалыптасты»,  –  деп 

көрсетеді. 

Бұл жеке сөздерге, оны қолдануға да байланысты. Мəселен, қазақ тіліндегі сан алуан 

сөздердің əдеби тілге тəндері – яғни əдеби нормаға жататындары бар, əдеби тілге тəн емес, 

одан  тыс,  ауызша  тіліне  ғана  жататыны  бар.  Сондықтан  оқушылардың  жазбаша  сөйлеу 

мəдениетін  қалыптастыруда,  ең  алдымен,  сөздерді  əдеби  тілге  жататын,  жатпай-тынын 

ажырата  біліп,  өзінің  ойын  жазбаша  жеткізуде  əдеби  тілдің  лексикалық  таңдап,  талғап, 

сұрыптап үйретуге жаттықтырылады. 

Өйткені  лексикалық  норма  туралы  М.Балақаев:  «əдеби  тілдің  жалпыға  ортақ  сөз 

байлығының  қалыптасқан  тұлғада,  жалпы  ортақ  мағынада  жұмсалуы»,  –  деп  көрсетеді. 

Демек, оқушылардың жазбаша сөйлеу мəдениетін арттырудың бірі - сөздерді мағынасына 

орай орынды қолдану болып табылады. 

Сөз  таңдап  қолдану  жазба  əдеби  стильдерге  негізделеді.  Мəселен,  көркем  əдебиет 

стилі мəтіндегі сөз таңдап қолданудың ерекшелігін қарастырайық. 

Көркем  əдебиет  шығармаларының  тілін  зерттеу  үстінде  «функциональдық  стиль» 

басты-басты  екі  мəселені  зерттейді:  біріншісі,  жалпы  ұлттық  əдеби  тілдің  даму 

барысындағы көркем əдебиет шығармаларының орны; екіншісі – жеке жазушылардың сөз 

мəнері мен сөз өрнегі (даралық стилі). Бірінші мəселенің зерттеп білу нысандары көркем 

əдебиет тілі, жалпы алып қарағанда, «поэтикалық сөз» болса, екінші мəселе жалпы үлттық 

əдеби  тілдің  белгілі  бір  қаттауы  мен  өрісін,  дəлірек  айтқанда,  лексикалық  немесе 

грамматикалық  нормалары  мен  көркем  тіл  нормаларының  арақатынасын,  өзара  қарым-

қатынасын  жəне  олардың  көркем  шығармалардың  мəтіндерінде  көріну  үлгілерін  зерттеп 



саралайды. Сондықтан Р.Сыздық тілді стильдік (шеберлік), яғни лингвистикалық стилистика 

бойынша,  екіншісі,  тіл  нормаларының  қалыптасуы  мен  орнығуы,  яғни  сөз  мəдениеті 

бойынша зерттеу қажеттігін ескертеді. 

Қорыта  келгенде,  сөзді  дұрыс,  орынды  қолдана  білуге  жаттықтыру  стилистикалық 

нормаларды игерту негізінде жүргізіледі. 

 

Əдебиеттер: 

1.

  Головин Б.Г. Основы культуры речи. – М.: Высшая школа, 1980, -235 с. 



2.

  Скворцов  Л.И. Язык как система – структурное образование. – М., 1969, - 268 с. 

3.

  Винокур  Г.О.  Информативная  и  фактическая  речь  как  обнаружения  разных 



коммуникативных 

намерении 

говорящего 

и 

служащего 



// 

Русский 


язык 

и 

функционирование. – М., 1993. 



4.

  Сыздық Р. Тілдік норма жəне оның қалыптасуы. – Астана: Елорда, 2001, - 230 бет. 

5.

  Балақаев М. Серғалиев М., Қазақ тілінің мəдениеті. – Алматы, 2006, -260 бет. 



6.

  Шанский Н.М. Язык и речь: Что значить знать язык и владеть им. – Л., 1989. 



7.

  Балақаев М. Қазақ тілі мəдениетінің мəселелері, - Алматы: Мектеп, 1965. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет