Дәріс №12.
Мектептің жоғары басқышында информатиканы саралап оқыту.
Даралап және саралап оқыту әдістері.
Оқушылар үшін үнемі проблемалық ахуал туғызу кейде оң нәтиже бермейді. Оны оқушының білім деңгейіне байланысты түсіндіруге болады. Мысалы, қойылған проблеманы шешу үлгерімі төмен оқушыға қиынға түссе, үлгерімі жоғары оқушыға жеңіл болуы мүмкін. Сондықтан оқушылардың әрекетін бірқалыпты ұстау үшін олардың білім деңгейін ескеріп, яғни даралап, қойылатын мәселені әртүрлі тәсілдермен түрлендіріп беруге болады.
Мысалы: 1) тұрақтыларды айнымалылармен ауыстыру үлгерімі төмен оқушылар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Бұл кезде үлгерімі төмен оқушыларға керісінше, айнымалыларды тұрақтылармен ауыстыруға тапсырмалар берген дұрыс. Бұл сырт көзге аз ғана өзгерту секілді көрінгенімен шын мәнінде программаға үлкен әсерін тигізеді;
2) егер цикл ішінде цикл қандай да бір мәні бар сан болса, онда оқушыларға есепті шешу қиындық туғызбайды. Ал осы санды айнымалыға ауыстырғанда есеп күрделі есепке айналады. Мұнда алгоритмнің қолдану аймағы кеңейеді және оқушының осы жағдайды сезінуі алгоритмдеудің мәнін арттырады.Осы жағдайға нақты мысалдар келтіруге болады.
1. Автобус билетінің орамында қанша билет бар? Бұл есеп жай ғана 6 рет бірінің ішіне бірі орналасқан цикл арқылы шешіледі.Ал, номердегі цифрлар саны N болса, есеп алғашқы жағдайға қарағанда әлдеқайда күрделенеді.
2. Кестедегі ең кіші элементті табу есебін кесте бағандарындағы элементтердің ең кішісін табу керек деп өзгетсек, онда бұд есептің алдыңғы есеппен салыстырғанда қиындық дәрежесінің артатыны байқалады.
3. Сандық берілгендің типін өзгерту есебі. Екі санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу ЕҮОБ(А,В) алгоритмін 3,2 және 2,4 сандары үшін қолдану үшін керек. Бұл есепті шешу кезінде «алгоритм алдына» 10 бөлгішін шығару керектігін оқушыға ойлап табу аса жеңіл емес. Сондай-ақ бұл сандардың мәні машина жадында дәл мән бе, әлде жуық мән бе?-деген мәселелер ескерілуі тиіс.
4. Есептің қарапайым шешімі белгілі болса, күрделі шешімді «қабылдамау». Мұндай есептер оқушыларды психологиялық жағынан қызықтырады.
5. Алгоритмдерді жалпы немесе параметрлі түрде берілгенін ескеріп қайта жасау. Мұнда оқушының берілген есепті өз бетімен түсініп шығарғанына көз жеткізу мұғалім үшін маңызды болып табылады.
6. Алгоритмнің қолдану аймағын көрсету, іс-жүзінде көптеген программалар көрсетілген берілгендермен қатесі болса да жұмыс істейді. Бұл жағдай программаға көрсетілген берілгендерден басқа мәндерді енгізу кезінде байқалады. Сондықтан оқушыларға программаның қатесін есептің соңғы нәтижесі бойынша тексеріп отырудың қажет екенін айту керек.
Енді саралап оқытуға тоқталайық.
Саралап оқыту дегеніміз не?
Алдымен «саралау» ұғымын қарастырамыз. Саралу (дифференциация/ difference) сөзі латын тілінен шыққан, «айырмашылық», «бөлу» деген мағынаны білдіреді.
Жалпы қарастыратын болсақ, саралау, дифференциация түсінігі анағұрлым терең, әрі ауқымды. Біз тек оқытудағы саралауды ғана қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |