«Менің туған елім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше
1.3 Менің атамекенім
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Оқу мақсаты
2.1.3.2. Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету
2.3.5.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік
рәміздерінің маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, өз облысын анықтайды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
15 минут
Тапсырма
Картамен жұмыс
1) Қазақстан картасынан өз облысыңды белгіле ().
2) Өз облысыңның орталығын (қаланың атауын) жаз.
3) Картадан Арал теңізін тауып, қоршап сыз.
Облыс орталығы - ________________________________ қаласы.
Сөйлемдерді толықтыр.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ___________________, ___________________ және _______________________ жатады. Олар мемлекеттің__________________________________ білдіреді.
Жаратылыстану, дүниетану сабақтарындағы жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері қандай? «Жаратылыстану» 2-сынып «Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі «Судың түрлі күйі» тақырыбы бойынша жеке, жұптық жұмыстар құрастырыңыз
Жаратылыстану» пәнінің мақсаты-бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.«Дүниетану» пәні бойынша білім берудегі бағдарлама оқушылардың қиялын дамытуға байланысты оқытылады. Тарихи, географиялық және әлеуметтік тұрғыдан түсінуге маңызды рөл атқарады.Біз сабақта жұптық жұмыстарды көбірек қолданамыз. Бұл жаңа тақырыптың мәнін ашуға, өзіндік пікірі мен көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді. Жұптық жұмыс өз ойын сенімсіз, баяу әрекет ететін балалар үшін тиімді. Өйткені жанындағы жұптың ойын тыңдау кезінде, тапсырманы жұптасып орындау кезінде оқушының ішкі ойын түсінуге көмектеседі. Оқушылардың жұпта әңгімелесу арқылы оқушының не айтқысы келетінін, қандай ой қосатынына біршама көмегі тиеді. Жұпқа беретін жұмыстарды бір сарынды емес баланың қызығушылығын туғызатындай етіп ресурстарды алдын ала дайындауымыз керек. Жұппен жасалатын жұмыстың шартымен немесе ережесімен мұқият таныстырылған жұмыс өз нәтижесін береді.Жұптық жұмыс кезінде мынандай белсенді әдістерді қолдануға болады. «Ойлан. Жұптас.Бөліс», «Ойлан. Жұптас. Пікірлес», «Ойлан.Бірік. Бөліс», «Үш қадамдық сұхбат», «АВС», «Венн диаграммасы» т.б. сияқты белсенді,тиімді әдістерді қолдануға болады.
Өзіндік жұмыстар әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады. Мысалы жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, эксперимент жүргізу, жоба жұмысын жазу т.б. сияқты. Өзіндік жұмыстарды сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстар және үйде орындалатын өзіндік жұмыстар деп қарастыруға болады. Ахмет Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек деген. Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушылардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет.
Жеке жұмыс
"Элективті тест" әдісі
Әрбір оқушыға A, В, С, арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулері керек. Жеке жұмыс.Тест сұрақтары:
1. Су – бұл ...
А. Жердегі тіршілік көзі В. Табиғи газдар қоспасы С. Жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты
2. Судың табиғи көздерін ата.
А. Жер В. Өзен С. Ауа
3. Судың қасиеттерін ата
А. Аққыш В. Иісі бар С. Түсі бар
4. Судың қасиеттерін ата
А. Мөлдір В. Түсі бар С. Пішіні бар
Дескриптор:
- Оқушылар жеке жұмыс жасайды; - Сұрақтарға жауап береді.
Жұптық жұмыс
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
А деңгейі :Суреттерді сөздер бойынша сәйкестендір. (мұз-мұздың суреті дегендей)
В деңгейі :Су бетіндегі мұздар неліктен қалқып жүреді? Мұзтаулар не үшін қауіпті?
С деңгейі :Су буға қалай айналады? Бу суға қалай айналады?
Жаратылыстану, дүниетану пәндерінде деңгейлік жұмыс тапсырмаларын құрастыру жолдары. «Жаратылыстану» 2-сынып «Табиғат физикасы» бөлімі «Серпімділік күші» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар құрастырыңыз\
Төмен деңгей
Тапсырма: Берілген заттарды магнитке тартылуы бойынша топтастыр
Заттар: Скрепка, қайшы, қалам, қарындаш, желім, дәптер, кітап, ұштағыш
кітап, ұштағыш
Магнитке тартылады
Магнитке тартылмайды
Дескриптор:
1. Берілген заттарды магнитке жақындату арқылы тартылатындығын анықтайды;
2. Берілген заттарды магнитке жақындату арқылы тартылмайтындығын анықтайды;
3. Оларды тиісті бағанға топтастырып жазады.
Бағалау критерийлері:Магнит ұғымы бойынша қарапайым білімі мен түсінігін керсетеді- 1 балл;Жай тапсырманы нұсқаулыққа сай орындайды - 2
балл; Кесте бойынша жай қорытынды шығарады - 2 балл
Күтілетін нәтиже:Берілген заттарды магнитке тартылуы бойынша
топтастырады;Заттардың магниттік қасиетке тартылуына қарай магниттік қасиеттерді анықтайды.
Ойын- жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқытудағы белсенді оқыту әдісі. «Дүниетану» 2-сынып «Өзім туралы» бөлімі «Менің атаТЕГІм» тақырыбын тиімді жоспарлауға ойын түрлеріне мысалдар келтіріңіз
(Ө)(ҚБ) Коллаж құрастыру. Мен қандай міндеттерді орындап жүрмін? Оқушылар өз күнделікті өмірінен «Үйде», «Мектепте», «Көшеде» суреттерінің бірін таңдап және коллаж құрастырады.
Заңнамалық құжаттарда құқықтар мен қатар міндеттер туралы да айтылатындығын түсіндіріңіз. Бұл сөзді балалар қалай түсінетіндігін, олар қандай мысалдар келтіре алатындығын сұрауға болады.Ойын барысында оқушылардың құқық пен міндетті қалай түсінетіндіктерін анықтаңыз. Бірін – бірі тыңдауларына көңіл бөліңіз.Отбасында кім қандай жұмыстарды атқарады және неліктен екендігі туралы пікірлерін анықтаңыз. Үйдегі еңбек әрекеттері ерікті түрде орындалады, бірақ оның орындалуына үй-ішінің жайлылығы мен тазалығы байланысты екендігін көрсету. Ананың демалуға құқығы бар, олай болса, оған көмектесу керек. Кәрі адамдар көмекке зәру, олай болса оларға көмектесу керек, бір кезде олар да саған қамқорлық жасаған еді.
Ал міндет – жүктелген жауапкершілік. Оқушыларға бір нәрсеге құқығы болуы, басқа адамда міндетті туғызуы мүмкін екендігін жеткізу керек. Құқық пен міндеттің арасындағы байланысты оқушылар ұсынған мысалдар арқылы қарастыруға болады.Балалар жолда жүру ережесін ескермеген жағдайдың салдарынының тізбесін болжайды. Ережені орындамау Жол полициясымен арадағы мәселеге алып келеді. Жүргізуші куәлігінен айырылу мүмкіндігі, қоғамдық көлікпен жүру, жұмыстан кешігу, жұмыстан айырылу, жұмыссыздық, жоқшылық және т.б. Бұл болжамды сызба түрінде бейнелеуге болады. Бала өміріне қауіп төну, жарақат алуы, денсаулықты жоғалтуы.
Экскурсия сабағы, оны жоспарлау ерекшеліктері. «Дүниетану» 2-сынып «Саяхат» бөлімі бойынша экскурсия сабағының жоспарын жасаңыз
Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Балалар үшін “экскурсия” әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі.Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді.Бастауыш сынып оқушылары үшін әрбір экскурсия тақырыппен байланысты болуы маңызды. Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді.
Тақырыбы: «Туған өлкем - баға жетпес байлығым»
Сабақ түрі түрі: Кіріспе, бағыт беруші экскурсия
Сынып: 2 “б” Өтетін орны: Қызылорда тарихи-археологиялық музейі
Мақсаты: оқушылар өз өлкесі, оның табиғаты, табиғат ресурстары, өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі, тарихи және мәдени дамуы, белгілі адамдары, өлкенің аудан, облыс, аймақ және республика үшін маңызы жайлы жалпы біліммен қаруланады, «Жас өлкетанушы» курс аясында оқушылар өздігінен іздену, зерттеу, басқада шығармашылық жұмыстарының нысанын, тақырыбын белгілей алады.
Жаратылыстану, дүниетану пәндеріндегі оқушылардың зерттеушілік жұмыстары
Жаратылыстану және дүниетану пәндері оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.Бұл пәндердің артықшылығы: бала тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.Пән мазмұнындағы зерттеушілік мазмұны мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы білімін қалыптастырады.
Жаратылыстану сабағында мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеуді «Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі» тұрғысынан талдап көрейік. 3 сыныптағы «Жаратылыстану» пәнінен «Қандай топырақ құнарлы?» тақырыбы бойынша жүргізілетін зерттеу жұмысын қарастырайық.
Мақсаты: топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екенін дәлелдеу.
Қозғалатын сұрақтар:Топырақтың құрамында не бар? Топырақтың қасиеттерін қалай анықта аламын? Неліктен жаңбырдың суы кейбір топыраққа тез сіңіп кетеді? Күнделікті өмірімізде құнарлы топырақты қалай қолданамыз? Құнарлылықты қалай арттыруға болады?Зерттеу бойынша қандай ақпарат жинауым керек?
Зерттеу жұмысы:Оқушылар жұппен зертттеу жұмысын нұсқаулық бойынша жасайды. Топырақ үлгілерінен олардың түрлерін ажыратады. Топырақтың құрамын анықтайды, қасиеттерін сипаттайдыБерілген сұрақтарға жауап іздейді, ақпаратты жинап ой елегінен өткізеді.
Зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін пайдаланған кезде оқушылар жаңа білім алып, дағдыларды игереді, құбылыстардың табиғи сипатына және олардың материалдық тұрғыдан шартты екеніне көз жеткізеді, теориялық білімнің дұрыстығын тәжірибеде тексереді, қадағаланатын затты, құбылысты талдап, салыстырып, тәжірибеден қорытынды жасап үйренеді.
Дүниетану сабағында АКТ қолдану оқушылардың қандай дағдыларын дамытуды көздейді. Сіз өз тәжірибеңізде мұны қалай жүзеге асырасыз
Зерттеу нысанасы: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды ұйымдастыру үрдiсi.
Зерттеу пәнi: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы оқушылар мен мұғалiмнiң iс-әрекеттер жүйесi.
Зерттеу мiндеттерi: 1 Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы педагогикалық- психологиялық, әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасау;2 “Адамгершiлiк мәдениетi” ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыру;3 Дүниетану пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау жасау;4 Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру жолдарын, әдiс-тәсiлдерін анықтап, педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігін тесеру.
Зерттеу болжамы: Егер, бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда дүниетану пәні оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені дүниетану пәнінің оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда мүмкіншілігі ерекше.
Зерттеу әдiстерi: 1) Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.2) Педагогикалық бақылау.3) Педагогикалық эксперимент.4) Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.5) Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.
Тәжiрибелiк маңыздылығы: Бұл жұмысты студенттер мен бастауыш сынып мұғалiмдерi әдiстемелiк жинақ ретiнде күнделiктi жұмысында қолдана алады.
«Дүниетану» пәні бойынша зерттеуге негізделген оқудың артықшылықтары
Табиғат жайлы ғылымдардың барлығы айнала дүниенің даму барысын түсіндіру, табиғаттың даму заңдылықтарын ашу негізін қарастырады. Табиғат құбылыстарының қарапайым байланыстарын және өзара тәуелділігін анықтайды. Тірі және өлі табиғат арасындағы айырмашылықтарды, байланыстарды түсіндіреді. Табиғат құбылыстары ның сырын түсіндіре отырып материалистік көзқарас, яғни дұрыс дүниетанымдық көзқарас қалыптастырады. Мұғалім көмегімен айналадағы табиғатты зерттеу (бақылау) арқылы олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны қорғауға деген ықыласын тудыра отырып, өздері тұрған жердің табиғат айырмашылықтарын, олардың себептерін анықтайды.
10.«Жаратылыстану» сабағында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту тәсілдері. «Жаратылыстану» 2-сынып «Табиғат физикасы» бөлімі бойынша зерттеушілік жұмыс түрлеріне мысалдар келтіріңіз
Жаңартылған оқу бағдарламалары шеңберінде зерттеуге негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын түсіндіретін қуатты педагогикалық құрал болып табылады. Зерттеуге негізделген оқу сындарлы оқу теориясына сүйенеді. Мұндай тәсіл кезінде оқушылар өздеріне сұрақ қояды, ал мұғалім тиісті сценарий жасай отырып, оқу үйлестірушісі рөлін атқарады. Оқушылар тақырыпты зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындысын тұжырымдайды. Бұл терең білім алуға және пәнді түсінуге қажетті жоғары деңгейлі дағдыларды шыңдауға көмектеседі.
Тапсырма
1. Өзінен жарық өткізетін заттардың атауы жазылған сөздердің астын сыз.
• Қарбыз
• өрік шырыны құйылған стақан
• терезенің әйнегі
• портфель
• ермексаздан жасалған ойыншықтар
• бос шыны құмыра
• пластикалық қалта
• киім шкаф