Психофизиологиялық даму үшке бөлінеді: Бақыру (жылау)
Былдырлауы
Нағыз сөзі
Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді:
Үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді
Сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.
Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте-бірте өңделіп, сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен құрастыру дағдысы қалыптасады да, үлкендермен айналасындағы құрбыларымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым- қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.
2. Баланың заттарға ынтасының аууы, олардың қасиеттерін ажыратып әрекет ете білуінің өзі баланы үлкендермен қарым-қатынас жасауға талпындырады.
Баланың үлкендермен қарым-қатынасы тек қана тікелей тіл арқылы қарым-қатынас жасаумен байланысты болады. Бұл сәбидің сөзді меңгеруінің алғашқы жағдайы (стимулы). Осы кезде бала тілінің дұрыс дамуы үлкендердің олар мен дұрыс қарым-қатынас жасауына да байланысты және қарым-қатынас кезінде дұрыс талап қоя білудің де мәні зор.
Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды. Тағы бір ескеретін жай баланың барлық талап-тілектерін, айтқанын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, бала көпке дейін сөйлей алмайтын болады.
Бірақ балада алғашқы айтылған затқа қатысты сөзді байланыстыру дағдысы бірден қалыптаспайды. Ең алдымен баланың сөзді түсінуі дәл сол затқа немесе әрекетке тұтастай қатысты болып, байланысқан жағдайда ғана сөзді түсінеді. Шындығында бала үнемі бір адаммен жиі қарым-қатынаста болған жағдайда сөз арқылы белгілі бір әрекетті орындауды талап етсе, әбден анық орындауы мүмкін. Егер тура осы әрекетті орындауды басқа бір адам талап етсе, бала сөзді түсінбеуі немесе мүлде орындай алмауы мүмкін. Өйткені баланың өз анасының қойған сұрағына дұрыс жауап беретін себебі өз анасымен өте тығыз байланыста болады. Анасы балаға тек сөзімен емес, барлық қылықтарымен, ым-ишарасымен, дауыс ырғағымен, қарым-қатынас жасау жағдайларымен балаға әрекет жасату қызметін атқарады. Бала айналасындағылардың сөзін белгілі бір қимылдардың бірнеше рет қайталануымен сәйкес келетін болса, дұрыс түсініп ажырата алады. Мысалы үлкендер баламен амандасып, қолын созса, бала сөзді тез түсінеді, кейіннен ешқандай қимыл жасамай, айтылуымен байланыстырмай-ақ жағдайдың мәніне қарай сөзді түсініп, меңгере алады. Екі жастың алғашқы айларында бала үлкендердің талап еткен әрекеттерін қандай болмасын таныс затқа қатысты сөзді, өзінен талап еткенде көз алдында тұрмаса үлкендердің талабын орындай алмайды. (Мысалы, көп ойыншықтың ішінде аю көзіне көрініп тұрмаса, баладан сұрағанмен басқа жақтан тауып әкеп бере алмайды). Үш жасқа келгенде баланың үлкендердің сөзін түсініп айтуының сапасында өзгеріс байқалады. Бала үлкендердің сөзінің мәнін түсініп қана қоймайды. Жекелеген әрекетті үлкендердің нұсқауы бойынша орындауға қабілетті бола бастайды. Үлкендердің әрбір сөзіне зер салып тыңдап, не туралы айтып жатқанын білгісі келеді және осы кезде тек балаларға арналған әңгіме емес, ойлауға қиын кейбір күрделі әңгімелерге де құлақ асады. Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40-тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы болып, тек заттың атын атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.
Сөздің дыбыстық ерекшеліктерінің қалыптасуы
Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.Грамматикалық құрылысты, игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін – түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады. Баланың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді қолданады. Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп аталады. Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез өтеді. Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатқа ие болып, заттық дүниедегі көптеген қарым-қатынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді. Үш жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғауларды игереді. Заттық қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын игеру баланың заттардың қолданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын іс-әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі. Бала нақты заттық қатынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Мәселен, «Балға қойды», «Балғамен соқты» дұрыс қолдануды игере отырып, мен жалғауындағы құралдық мағынаны түсінеді де, оны барлық құралға стереотипті түрде көшіреді: «пышақмен», «қасықмен», «күрекмен» және т.б. Тілдік қарым-қатынастар практикасында бұл стереотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілінің грамматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның негізгі синтаксистік кұрылымдарын, грамматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады. Заттарды өз қолымен ұстап, әрекет етіп көріп, қасиетін ажыратады. Осының өзі баланың сөздік қорын дамытады. «Киіміңді әкел! «Әжені шақыр! «Атаға таяғын алып бер» десе баланың түсінігі кеңейіп, қарым-қатынас шеңбері артады. 3 жасқа қарағанда әр сөздің мәнін, қолданылатын орнын ажыратьш, түсінеді. Мысалы: «тәте» сөзі өзінің жасы үлкен барлық адамдарға айтылатын сыйластық атауы екенін, мама деген сөздің анасына бағытталып айтылатынын түсінеді. 2 жастың соңында сөздің мәні мен мазмұнын түсініп, қысқаша қызықты ертегіні тыңдап, бірнеше қайталап айтып беруі талап етеді. Әңгіме, ертегіні тындау арқылы қабылдау, есте сақтау, зейін қою, ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстарЕрте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Бұл бала өмірінің неғұрлым қиын сәттерінің бірі. Өзінің “менін” бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау. Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л. С. Выготский және оның ізінен Э. Келлер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді. 3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары: