Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры және алғашқы сөздері Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің өзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням- ням, мам- мам, ня-ня) баланың мұндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: ішемін-тем, сүт-түт, шәй-тәй Бала тілінің тез шығьп, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Егер үлкендер дұрыс қарым-қатынас жасап, тәрбиелесе дербестік сөздер тез жойылып кетеді. Өйткені үлкендер баладан әр сөздің дұрыс айтылуын талап етіп, түзету жасап, бағыт беріп отырса баланың тіл кемістігі тез жойылады. Ал айналасындағылар баланың дербестік сөзін қолдап отырса, сол сақаулық дербес сөз ұзақ уақыт сақталады. Баланың тілінің ерте дамып, сөйлеуді тез меңгеріп, сөздік корының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер етеді. Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды.
Сәбилік шақта бала қарқында дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл-ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.
Бірінші себеп – баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.
Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы.