4. Раул заңы. Сұйылтылған бейэлектролит ерітіндісінің бетіндегі қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі еріген заттың табиғатына тәуелсіз және ерітіндідегі еріген заттың мольдік үлесіне тең болады.
Франсуа Мари Рауль (фр. François-Marie Raoult; 10 мамыр 1830 жылы туылған.—француз химигі және физик,. Зерттей келе бұл 1882-88 кристалдану температурасы, сондай-ақ ауа қысымды бу (немесе қайнау температурасын) ерітінділердің қайнау және қату температуралары айқындау үшін қолданылатын молекулалық масса заттардың ерітілген күйде болатынын ашты.Кез келген затты еріткенде еріткіш буының қысымы төмендейтінін көптеген тәжірибе жүзінде көрсетті. Осы негізде ерітінді құрамы мен бу қысымының төмендеуі арасындағы байланысты Ф. Рауль ашты.Рауль заңының тұжырымдамасына орай, ерітінді бетіндегі еріткіш қысымының салыстырмалы төмендеуі,сұйықта еріген заттың мөлдік үлесіне тең:Кез келген затты еріткенде еріт-кіш буыньң қысымы төмендейтінін көптеген тәжірибе көрсетті. Осы негізде ерітінді құрамы мен бу қысымының төмендеуі ара-ларындағы байланысты Ф. Рауль ашқан. Оған дейінгі оқымысты-лар тек кышқылдар мен негіздердін, судағы ерітінділерін ғана зерттеп, онда кездесетін диссоциация сияқты, әлі табиғаты толық айқын емес кұбылыстарға келгенде, оны түсіндіре алмады. 1882 жылы Рауль отыздан астам органикалық қосылыстың судағы әр түрлі концентрациялы ерітінділерін зерттеп, олардьң қату температураларын аныктайды. Қандай қосылыс болмасын, олар-дың бір молін 1 литр еріткішке (суда) еріткенде, осы ерітінділер-дің бәрінің қатаю температуралары бір шамаға, дәлірек айтқанда 1,85°С-қа төмендейтінін байқайды. Бұл заңдылық еріген заттың табиғатына тәуелсіз болды. Ол судың орнына бензолды алып, онда бір мольден бірнеше органикалық қосылыстарды ерітеді. Мұнда да құрылысы мен табиғатына тәуелсіз бірдей көлемдегі бензол-да бірдей мольдегі органикалық қосылыстарды еріткенде ерітінділердің қату температуралары бір шамаға ғана төмендеген. Мысалы, Рауль тәжірибесіндегі ерітінділердің бәрі де 5,2°С-та қатқан, ал таза бензол 5,5°С-та кристалданады. Сосын, Рауль 1886 жылы қату температурасынан кейін сусыз ерітінділердің бу қысымын анықтауға ауысады. Бұл 1887 жылғы ғылыми баспада жарияланған тәжірибе нәтижесінде табылған затға әкеледі. Кез келген температура мен концентрацияларда Рауль заңына бағынатын ерітінділерді идеал ерітінділер деп атайды. Ерітінді теориясы үшін идеал ерітінділердің маңызы ерекше. Себебі, оны идеал газдар мен
салыстырғанда идеал ерітінділерде молекулааралық әрекет болады.