Әдетте, маусымдық бақылаулар тұрақты орындарда әр 5 күн сайын жүргізіліп тұрады. Бақылау кезінде 50-ден астам зиянкес пен өсімдік тексеріледі. Арнаулы шартты белгілер бойынша бунақденелілердің дамуы, т.б. құбылыстар мен өзгерістер арнаулы журналдарға тіркеліп отырады.

Әдетте, бунақденелілердің даму өзгерістерін әр 5 күн сайын топырақтан немесе өсімдіктен үлгілер аліп тексереді.
Өсімдіктердің маусымдық өзгерістері далалық тәжірибелік журналға жазылып отырады. Мәселен, дәнді дақылдар үшін: себу, өну, 1,2,3-ші жапырақтың шығуы, түптенуі, түтіктенуі, жалау, жапырақ, масақтану, гүлдену, сүттену, қамырлану, толық пісу, жиын. Жеміс ағаштары үшін : қысқы тыным, бүршік жару, «жасыл конус», жасыл бүршік, бүршік ісіну, гүлдене бастау, толық гүлдену, гүлденудің аяқталуы, күлтелердің түсуі, түйіндену, жемістің пісіуі, т.с.с. Картоп үшін: отырғызу, өніп шығуы, көктенуі, жапырақтардың шығуы, қатараралықтың қабысуы, шанақтануы, гүлдеу, жидектің өсуі, түйнектің, пәлектің сарғаюы, пәлектің қурауы, пісуі, жиын.
Журналға әр құбылыстың, фазаның басталуы, жаппай өтуі, аяқталуы және мерзімі, күні көрсетіледі.