б) Өсімдіктегі бунақденелілерді есептеу. Баяу қозғалғыш бунақденелілер, яғни көбелектердің жұлдызқұрттары; егеушілердің жалған жұлдызқұрттары; жапырақ жемірлерінің дернәсілдері; бізтұмсықтар, бітелер, қандалалар салыстырмалы түрде қозғалмайтындар – сымырлар, жалған сымырлар, т.б. Аталмыш бунақденелілерді есептеу үшін зерттелетін танаптан немесе орындардан он жерден 10 үлгі (әр үлгіде 10 өсімдік) алынады. Үлгілердегі барлық зиянкестер саны барлық есепті өсімдіктер санына бөлініп, әр өсімдіктегі зиянкестің орта саны табылып, есептеу нәтижелері арнаулы толтырылады.
Өсімдіктің бителермен зақымдалу дәрежесі 3 балдық шкаламен есептелінеді: