Оқу танымдылық қызметін ұйымдастыру және іске асыру әдісі
Сөйлеу
Көрнекілік
Практикалық
|
Индуктивті
Дедуктивті
|
Репродуктивті және пролемалық ізденіс
|
Өз бетімен іздену және оқытушы- ның басқаруымен
|
Білім көзі
|
Логика
|
Ойлану
|
Басқару
|
Сонымен, әрбір әдісті алсақ та оның басты мақсаты оқу-тәрбие үдерісінде: оқыту, дамыту, тәрбиелеу, дәлелдеу және бақылау қызметтерін атқаруға бағытталған. Осы әдістерінің нәтижесінде әрбір ұстаз және шәкірт алдына қойған мақсаттарына жетеді. Әдістердің атқаратын қызметіне байланысты біреуінің функциясы жоғарыласа, екіншісі төмендеуі мүмкін. Ертедегі тарихи ұрпақтан қалған және педагогикалық практикаларда кездесетін, отандық және шетелдік зерттеушілердің ұсынуы бойынша оқыту әдісінің бірнеше түрлері бар.
Білім беру қызметі – оқушы білімін, білімділігін, шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға бағыттау.
Дамытушылық қызметі саналы түрде және психикалык үдерістерді еркін қалыптастыруға бағытталған.
Тәрбиелік қызметі - барлық құбылыстарға баға бере отырып, әлеуметтік тұрғыдан дүниеге көзқарасының қалыптасуын, өзінің ойын нақты көрсете білу. Білімнің көзіне байланысты оқу әдістерінің типтеріне сипаттама:
- сөз сөйлеу;
- көрнекілік;
- жаттығу;
- сөз сөйлеу әдістерінің түрлері;
- әңгіме (әңгімелесу) әңгіме арқылы түсіндіру (рассказ);
- түсіндіру (баяндау);
- дәріс;
- пікірталас;
- көрнекілік әдісі;
- табиғи объектілерді демонстрациялау;
- көрнекілік қүралдарды демонстрациялау;
- тәжірибелерді демонстрациялау.
Практикалық әдіс: таратпа материалдармен жұмыс: а) жіктеу, жеке бөліктеріне талдау; ә) анықтау арқылы, жіктей салыстыру; б) биологиялық объектілерді анықтау. Табиғаттағы биологиялық объектілерге бақылау жүргізу. Эксперимент жасау баяндау ауызша мазмұндалатын сөйлеу әдістеріне жатады [3].
Баяндау - монологты түрде оқу материалын мазмұндау. Бұл әдіс бойынша оқу материалы белгілі ретпен, жүйелілікпен, түсінікті және мәнерлеп баяндау болып есептеледі. Биология сабағында баяндаудың қолданылатын кездері материалдарға байланысты, табиғат жайлы құбылыстар мен әңгіме - хабар әдісін мұғалім сұрақ - жауап түрінде өткізеді. Әрине, ол сұрақ жана тақырыптың мазмұнынан туындайды, оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа сабақтың мазмұнын игеруге бағыттайды. Әңгіме әдісін қолдана отырып, дәріс өткізу үшін әрбір ұстаз оған өте тиянақты дайындық жасауды керек етеді. Мұғалімнің басты міндеті әңгіменің тақырыбын дұрыс анықтай отырып, жоспар - конспекті дайындау, тиісті көрнекі құралды сараптап алып, негізгі және қосымша сүрақтарды қалыптастырып, оның жүргізу тәсілдерін ұйымдастыра білуі керек. Әсіресе сұрақты қою ретін, белгілі түйінді жерлерін анықтап, талдай отырып, қорытынды жасауды жоспарлаған жөн. Бұл әдісті қолдану барысында ең маңызды кезеңдері сұрақты дұрыс қалыптастыру және оны қою болып табылады. Бір сұрақпен екінші сұрақтың арасында логикалық байланыс болу керек, осының арқасында ғана берілген мәселені ашуға мүмкіндік туады. Әрбір сұрақ жалпы сыныпқа қойылады, тек аздаған үзілістен кейін барып жауап беруге оқушыны тартады. Орнында отырып, айқайлап жауап беретін оқушыларға дер кезінде ескерту беріп, оны көп мадақтамау керек. Көбінесе, нашар білетіндерін жиі сұрап, дұрыс емес берілген жауабын дұрыстауға мүмкіндік берген жөн. Егер қойылған сұраққа ешбір оқушы жауап бере алмаса, сұрақты қайтадан басқаша түрде, оны жеке-жеке бөліп қарау керек және жетекші сұрақтарды да қоюға болады. Әңгіменің табысты болуы сыныппен байланысты құруға көп тәуелді. Сондықтан да сынып толық жұмысқа қатысуы керек, сұрақты назар қойып тыңдай, ойланып, өз пікірін айтуға дағдыландыру керек. Әрбір сұрақты ұқыпты тыңдай отырып, оның жауабына дұрыс баға беруге тырысу керек. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап қайтармаса, ол қатесін өзі ойлап, ізденіп табуды талап ету керек.
Дәріс - сөйлеу әдісінің басқа түрлерінен айырмашылығы - оның мазмұндау құрылымы салмақты, оқу материалының логикалық жүйесі ерекше, қүрамына көптеген айтылуға тиісті ақпараттары бар және мазмұнын ашуда өзіне тән жүйелілігі болады. Дәрістер жоғары кластарда (10-11 сынып) материалдарының мазмұны күрделілеу, табиғи құбылыстар мен үдерістерді және олардың арасындағы өзара себептік байланыстарын ашу барысында қолданылады. Көлемі жағынан дәріс бір сабақты толық қамтиды, табысты болу үшін ұстаз оның жоспарын алдын ала жасау керек. Дәрістің жоспарын бөлшектей, саралап құрудан кейін, онымен алдын ала оқушыларды таныстырады (мақсаты, міндетін, такырыбын). Осы жоспар бойынша рет-ретімен бір логикалық жүйемен мазмұндау керек. Әрбір жеке - жеке бөліктерін немесе пунктерін түсіндіріп болған соң жалпы қорытынды жасап оқыту керек. Дәрістің бір бөлігінен екінші бөліміне ауысу барысында аралық логикалық байланыстарын сактай отырып, түсіндіру қажет. Дәріс жүргізудегі ең бір көңіл бөлетін жай оның басты проблемасын ашу барысында оны мәнерлеп мазмұндау, дәлірек, керекті мысалдарды қолдану немесе фактілерді анық келтіре отырып, салыстырмалы түрде мазмұндау, сыныппен байланысты бұзып алмай, оқушылардың ойлану іс-әрекетін басқара білу, дәрісті оқу темпінің ең ыңғайлы жолын қолдана білудің арқасында оқушылардың дәріс мазмұнын жазуға мүмкіндік жасау, материалдағы кейбір түсініктер мен терминдерді бөліп көрсете отырып, тақтаға жазу арқылы оның мәнін түсіндіру, көрнекі құралдарды пайдалана отырып, лекция мазмұнын қабылдауға және түсінуге жеңілдік жасау. Дәрісті семинар және практикалық сабақтармен байланыстыра отырып, айтылмай қалған кейбір жағдайларды детальды түрде дәлелдеп, талқылап түсіндіру.
Талқылау сабағы. Соңғы кезде көптеген әдістердің ішінде сабақ беру практикасында біртіндеп еніп келе жатқан әдістердің бірі болып есептеледі. Бұл әдіс нәтиже болмағанда пайдаланылады. Талқылау әдісінің көмегімен оқушылардың біліміне көптеген жаңалықтарды енгізуге болады, оқушы өз пікірін дәлелдей отырып, оны тиянақтауға үйретеді. Мұның ең басты қызметі оқушының қызығушылығын арттыруға үлкен көмегін тигізді. Сондықтан осындай талқылау сабақтарын өткізу үшін оқушылар алдын ала тиянақты дайындала отырып, талқылауға арналған тақырыптар жайлы жан-жақты ақпараттарды жинақтайды. Әрине, мұндай сабақтар оқытушының тікелей басқаруымен іске асырылады. Талқылау сабағы көбінесе жоғары сыныптарда өткізілгені жөн. Бұл әдіс талқылау кезінде оның машықтануына үйретсе, екінші жағынан, таластан, талқылаудан шындыққа жүруге мүмкіндік береді.
Оқулықпен жұмыс істеу. Арнаулы әдебиет, оқулықтармен жұмыс істей білудің де өз әдістемелік кұпиялары бар. Осы әдістің ең басты артықшылығы оқушы өзінің еркімен оқу ақпараттарын бірнеше рет оқып, өңдеп, отыруға мүмкіндігі бар. Оқулық оқыту үдерісінің барлық қызметін, іс-әрекетін орындаушы деңгейде болады. Оқулықпен өз бетімен жұмыс істеу үшін, ең алдымен, оның құрылымымен танысу керек, жүгірте оқып отырып, жеке та- рауларға, белгілі сұрақтардың жауабын іздестіре отырып, материалдарды байқап қарап шыққан дұрыс. Содан кейін кейбір жеке бөліктерінен рефератты түрде жазып алып, есептерін, мысалдарын, жаттығуларын, тестік бақылауларына жауап іздестіре отырып, материалдарды еске сақтауға тырысу керек. Осы әдістің ең тиімді жақтарының бірі - еркін оқып отырып, оқығанын түсіну. Материалдардың ішіне ең басты бөлігін бөліп көрсете білу, оқығанын қысқаша жазып алу, өз бетінше логикалық, құрылымдық сызбаларды сызып көрсете білу (немесе тіректік сызба), осы сұрақтар бойынша қосымша әдебиеттерді пайдалана білу. Кітаппен ұстаздардың басқаруымен сабақ кезіндегі жұмыс және үйде өз бетімен істелетін жұмыс түрі бар. Кітаппен, әдебиеттермен жұмыс істеу әдістері оқушылардың өзін-өзі білімін бақылауын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көрнекілік әдіс. Көрнекі құралдар биологияның барлық са- бақтарында қолданылады, бірақ оны корнекілік әдіспен өткізілген деп айтуға болмайды. Мысалы, сөйлеу әдісінің түрлерін қолданғанда әртүрлі суреттер бейнелерін көрсету арқылы мүғалімнің сөзін дәлелдегенде кызмет етуші көрнекілік немесе өсімдіктер, жануарлар жайлы әңгімелегенде олардың натуральды түрлерінің орнына әртүрлі суреттерді корсетеміз. Ал ақпараттың басты көзі - мұғалімнің сөзі, әңгімесі, баяндауы немесе лекциясы. Сондықтан осы кезде көрсетілген көрнекі құралдардың түрі көрнекілік әдіске жатады деп айтуға болмайды. Сабақты көрнекілік әдісімен өткізгенде, онда колданылатын көрнекі қүралдардын рөлі басқаша болып келеді. Осы жердегі пайдаланылған тәжірбие өткізу, тірі объектілер, кино, кесте, бейнетехникалар - оқушылар үшін ақпараттың көзі, оқытушынын сөзі емес. Демонстрацияларды бақылау арқылы өз бетімен немесе оқытушының басқаруымен тәжірибелер өткізіп, одан қорытындылар жасау кезінде пайдаланылған көрнекі құралдардың көмегімен жүргізілген сабақты көрнекілік әдіс деп есептеуге болады. Көрнекілік әдісті қолданудың нәтижесі окушының жаңа материалды қабылдау және ойлану қабілеттілігінің дамуына әсер етеді. Биология сабағында қолданылатын көрнекілік құралдар табиғи түрде (табиғи тірі объектілер және препараттар) және бейнелеуші құралдар болуы мүмкін (кесте, сызба, муляждар, кино). Көрнекілік әдісінің түрлеріне тәжірибе жасап демонстрациялау, табиғи объектілерді демонстрациялау, бейне күралдарды демонстрациялау жатады. Биология пәнінің 70-80%-ы, әсіресе ботаника, зоология, адам және оның денсаулығы сияқты биологияның жеке-жеке салалары көрнекілік әдіспен жүргізіледі.
Практикалық әдіс. Оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор әдістердің бірі. Бүл әдіс сөйлеу, көрнекілік және практикалық әдістердің байланысы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырмалардың өзінің де оку тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабақ өткізу мүғалім тарапынан өте тиянақты дайындықты, ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Өткізілген сабақтың нәтижесінде де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға қарағанда ерекше болады. Практикалық сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс- әрекетін қалыптастыруды бес кезеңнен өткізу арқылы көруге болады:
1. Оқытушы түсінік береді. Бұл кезеңдік жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан ойланту.
2. Көрсету. Бұл кезең нұсқау беру.
3. Сынақ кезеңі. Бұл кезенде 2-3 оқушы берілген жұмысты орындайды, ал қалғандары іс барысын бақылап, оқушының нұсқауымен жіберілген қателіктеріне ескертулер жасайды.
4. Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әрбір берілген тапсырманы өз бетінше орындайды. Оқытушының назары жұмысты нашар орындаушыға көп бағытталады.
5. Тексеру. Бұл кезеңде орындалынған тапсырманы қабылдап, сапасына, оның дұрыс орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған қорытындысына тиісті бағасын береді. Танымдылық ойындар әдісі реалды жағдайдың моделін жасай отырып, арнайы ситуациялар жасау арқылы оның сол жағдайдан шығу жолдарын табуға арналады. Бұл әдістен кейін бірі ауысып отыратын үдеріс: сабақты бастаудағы басты тұлға оқытушы; - оқушылардың танымдылық қызығушылығын арттыру мақ сатында әртүрлі әдістер мен тәсілдерді колдану арқылы жүреді. Сондықтан сабақ жүргізудің осындай формасы ең негізі деп есептеледі [2], [4].
Достарыңызбен бөлісу: |