Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті
«Биология» кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: «Биологияны оқыту барысында белсенді əдістемелердің түрлерін қолдану жолдары»
Қабылдаған: Маг.оқ.Умиров Б.З
Орындаған: Сапарбек Ш.
Тобы:ЖБЛ-112
Түркістан - 2023
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1.Биологияны оқыту әдістері.
2.Оқыту әдістерін жіктеу жіне оқытудың белсенді әдістері.
3.Оқытудың белсенді әдістері мен құралдары.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Оқыту әдістемесі дегеніміз оқу жылындағы білімді игеруге, оның психикалық дамуына және жеке тұлға болып қалыптасуына, алдына қойған мақсатына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушының арасындағы білім беруге және тәрбиелеуге бағытталған екі жақты үдеріс. Биология пәнінің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ен маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу керек. Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдап, қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады. Оқыту әдісі дегеніміз оқушы мен оқытушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері. Сондықтан осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарасақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады. Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз ұстаздың білім беру әдістері, екінші жағынан, оқушының білімді игеру, қабылдау қабілеттілігі немесе әдісі. Оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады. Тәсіл дегеніміз оқыту әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір бөлігі [1].
Биологиядан сабақ беру практикасында оның көптеген әдістері бар екендігін байқауға болады:
1. Дәстүрлі сабақ беру әдістері сол ертедегі философтар мен педагогтардың сабақ беру жүйелері болып табылады. Бұл әдістегі ең басты мақсат оқушыларға білім берудің қайнар көзіне, білімді қалай, қайдан алу әдістері бойынша колданылады. Бұл әдіс бойынша білімнің қайнар көзі үшеу: практика, көрнекілік кұрал, сөз деп көрсетіледі. Сонғы кездерде тағы бір әдіс косылды, ол - оқулық және әртүрлі техникалық жүйелер. Сондықтан бұл топтан бес әдісті бөліп қарастыруға болады: практикалық, көрнекілік, сөйлеу, оқулықпен жұмыс жүргізу, техникалык құрал-жабдықтарды пайдалану. Осы әдістердің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар.
2. Практикалық және еңбек тану іс-әрекеті. Егер оқушының өз бетімен іздену, ойлану үдерісіне қиындық туындаса, жаңа проблемалы материалдарды игеруге оқушының базалық білімі әлі аздау болған жағдайлар қолданылады. Репродуктивті әдістің ерекше пайдалы әсерлерінің бірі оқу материалын жедел игеруді, практикалық еңбекке деген шеберлігі мен іскерлігін қалыптастыруды қамтамасыз етумен бірге, оқу үдерісіндегі білімдігін, шеберлігін, іскерлігін баскаруды, кейбір қателік жақтарын айқындауына мүмкіндік береді. Сондықтан жоғарыдағы айтылған көптеген пайдалы жақтарын басқа әдіс- термен байланыстыра отырып, күнделікті оқу үдерісіне қолдана білген жөн.
3. Проблемалық ізденіс оқыту әдістерінің ең басты принципі. Оқу үдерісінің кейбір кезеңдерінде окушы кейбір проблемалық мәселелерді өз бетімен шешуге мүмкіндігі болмайды, сондықтан мұғалім, осы проблеманы шешу үшін белгілі бір жүйсімен, бағытпен оқушыларды тарта, олардың белсенділігін арттыра отырып, жаңа бір білімді игеру жолдарын көрсету арқылы оқу материалының танымдылық жағын арттыруға көмектеседі. Проблемалық - ізденіс оқыту әдістері көп жағдайларда оқушының шығармашылық шеберлігін, оқу-танымдылық және еңбектену іс-әрекетін, ойлану және өз бетімен білімді игеру, жеке басының еңбекке деген шығармашылық көзқарасын, белсенділігін, саналылығын дамытуда тиімді әдістердің бірі болып саналады. Проблемалы-ізденіс әдістерін қолданылудың тағы да бір тиімділігі - оқу материалының мазмұнындағы жаңа ғылыми тү- сініктер мен заңдылықтарды, теорияларды қалыптастыруда ең басты рөл атқарады. Осы алған білімдерінің негізінде проблемалық ситуацияларды өз бетімен іздену барысында жана ғылыми мәліметтерді шешуге, игеруге, түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл әдісті ең бір ерекше түр деп есептеуге болмайды, себебі бұл әдіспен оқыту көп уақыт алумен қатар, жаңа оқу материалын игеруге, оқушының базалық білімі болмаса, оны қолдануда дұрыс нәтиже бермейді.
Егер оқу материалының күнделік деңгейі және оқушының базалық білімі жеткілікті болса, олар өздерінің болжамдарын, қүбылыстар мен заңдылықтар арасындағы байланыстарды анықтауда осы әдісті қолдану өте пайдалы деп есептеледі. Зерттеу әдісінің басты мәні мынада: белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір проблеманы анықтап, оны шешуді оқытушы мен оқушы бірге жүргізеді; окушыға проблема жайлы алдын ала хабарламай, өз бетімен шешуге мақсат қою. Оның шешу жолын оқушы өзі тауып қорытындылайды; оқушының басты қызметі жедел түрде берілген проблемаларды шешуді басқару; оқу үдерісінің қарқыны жоғары, оқу өте қызықты жүргізілуде, нәтижесінде, білімнің тереңділігі, нақтылығы, жан- жақтылығы айқын көрініп тұрады. Сондықтан бұл әдіс оқушының білім алу барысында шығармашылық қабілетілігінің дамуына байланысты болатындығын көрсетеді. Оның басты кемшілігі - оқушыдан да, оқытушыдан да көп уақытты және энергияны шығындауды талап етеді және бұл әдісті қолдану оқытушының білім деңгейінің жоғары болуын талап етеді.
Дидактикалық мақсатқа байланысты екі әдіс тобын бөліп карауға болады:
1. Оқу материалын алғаш игеруге мүмкіндік жасау әдісі.
2. Алған білімді тиянақтау және жетілдіруге мүмкіндік жасау әдісі (Г.И. Шукина, И.Т. Огородников).
Бірінші топқа ақпаратты дамытушы (ауызша мазмұндау әңгі ме, кітаппен жұмыс істеу), ізденіс (әңгімелесу, диспут, зертха- налық жұмыс), ғылыми зерттеу әдісі жатады.
2. Бинарлы және полинарлы әдістердің түрлерін қолдаушылар бар. Мысалы, М.И. Махмутов бинарлы әдісті жасады. 1. Оқыту тәсілі. 2. Oku tesili. В.Ф. Паламарчук пен В.М. Паламарчук полинарлы әдісті ұсынды.
3. Дидактикадағы соңғы кездегі ең көп тараған әдістердің бірі және соңғы он жыл бойы пайдаланып келе жатқан әдістің бірі - К.Бабанский ұсынған әдіс, онда үлкен үш топ әдістерге бөлінеді:
1. Оқу-танымдылық қызметін ынталандыру - дәлелдеу (мотив).
2. Оқу-танымдылық үдерістің тиімділік қызметін бақылау және өзіндік бақылау.
3. Оқу-танымдылық үдерістің ұйымдастыру және іске асыру кызметі. Оларды мынандай кесте түрінде көрсете отырып, түсіндіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |