«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі


Лабораториялық қондырғының сипаттамасы



бет3/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22233
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Лабораториялық қондырғының сипаттамасы

Эксперименталдық қондырғының схемасы 2 – суретте көрсетілген.




2– сурет. Қондырғының электр схемасы.


Мұндағы А және В – электродтар, Р – реохорд, G – нуль – гальванометр, З – зонд, Т – түзеткіш – тұрақты кернеу көзі. А және В электродтарына Р реохорд арқылы Т түзеткіштен тұрақты кернеу беріледі.

Электростатикалық өрісті моделдейтін орта ретінде бұл жұмыста ток өткізетін қағаз алынған. 2 – суретте бұл қағаздың бейнесі штрих сызықтар арқылы көрсетілген.



Қондырғының жұмыс істеу принципін қарастырайық. Реохордтың жылжымалы тиегін қозғай отырып, осы тиектің электродтармен салыстырғандағы потенциалын әр түрлі етіп өзгертуге болады. Тізбекте токтың болуы немесе болмауы зондтың қай нүктеде орналасқанына байланысты. Егер зонд орналасқан нүктедегі өрістің потенциалы реохорд тиегінің потенциалына тең болса, онда гальванометр жалғанған тізбекте ток болмайды, яғни гальванометірдің көрсетуі ноль болады.

Гальванометр тізбегіндегі ток нольге тең болатын нүктелердің геометриялық орындары зерттелетін өрістің эквипотенциал беті болып табылды. Осы эквипотенциал беттің В электроды мен салыстырғандағы потенциалы былай табылады:

, (4)

бұл жердегі U – түзеткіштен шығатын кернеу, N – реохордтың шкаласындағы бөліктер саны, n – реохордтың тиегі көрсетіп тұрған бөліктердің саны. Зондты жылжыту үшін қондырғыға екі арнаулы тұтқа орнатылған; бірі зондты Х осінің бойымен жылжытса, екіншісі У осінің бойымен жылжытады. Табылған эквипотенциал бет нүктелерінің координаттарын өлшеу үшін қондырғыға Х және У остерінің бойымен арнаулы шкала орналастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет