«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі



бет6/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22233
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Әдебиеттер

    1. Тобаяқов Ж Электр және магнетизм, Алматы, 1988.

    2. Зисман Г.А., Тодес О.М. Курс общей физики, т.2, 1974, § 15,17.

    3. Калашников С.Г. Электричество, 1977, § 57-60, 145, 149.

    4. Савельев И.В. Курс общей физики, т.2, 1978, §34.

    5. Фриш С.Т., Тиморева А.В. Курс общей физики, А.1971.

3 Лабораториялық жұмыс



Электр кедергісін анықтау тәсілдері
Жұмыстың мақсаты: Кернеу мен ток күшін өлшеу арқылы көпір тәрізді (мостовая) схема арқылы кедергілерді анықтау тәсілдерін меңгеру.

Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, нуль-гальванометр; реостат; реохорд; эталондық және белгісіз кедергілер.
Теориядан қысқаша мәлімет

Өткізгіштегі ток күші І Ом заңы бойынша былай анықталады:



(1)

бұл жерде U - өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырмасы (кернеу), R - өткізгіштің кедергісі.



Электр өрісінің әсерінен металл өткізгіштегі еркін электрондар реттелген қозғалысқа қатысады, яғни өткізгішпен электр тогы жүреді. Кез келген электр тогы бар металл өткізгіштің кедергісі, қозғалыстағы еркін электрондардың кристалдық решетканың оң зарядталған иондармен өзара әсерлесуінен пайда болады. Кедергінің бірлігі ретінде Ом алынған. Егер потенциалдар айырмасы 1 В болғанда өткізгіштегі ток күші 1 А болса, оның кедергісі 1 Ом болады:

Өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшесек, онда (1) теңдеуді пайдаланып, осы өткізгіштің кедергісін табуға болады. Практикада кедергілерді өлшеу үшін Уитстон көпірі деп аталатын қондырғыны да қолдануға болады. Бұл қондырғының схемасы 1 суретте көрсетілген.



1-сурет. Уитстон көпірінің электр схемасы.


Схеманың негізгі қасиеті мынада: R1 R2 R3 R4 кедергілердің шамалары белгілі бір арақатнаста болған кезде гальванометрден ток жүрмейді, яғни . Осы арақатынасты қарастырайық. Ол үшін АСДА және ВСДВ тізбектерінің кедергілері мен осы тізбектердегі токтарды байланыстыратын теңдеуді жазайық. Кирхгофтың екінші ережесі бойынша тізбектің тұйықталған бөлігіндегі токтар мен кедергілердің көбейтінділердің алгебралық қосындысы осы тізбектегі ЭҚК-тердің алгебралық қосындысына тең, яғни

(2)

Гальванометрдегі ток нольге тең болған кезде

АСДА тізбегі үшін



(3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет