Экономикалық өсу, оны ұтымды пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар Орындаған: Үкібаева ж қабылдаған: Қадырбай С



Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13068
Байланысты:
Үкібаева Жанерке Экономикалық өсу


Экономикалық өсу, оны ұтымды пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар

Орындаған: Үкібаева Ж

Қабылдаған: Қадырбай С

Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің үзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің үзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.



Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Фактор

Фактордың сандық көрсеткіші

Толық пайдалану мен тиімділікті арттыру тәсілі

Пайдалану тиімділігінің көрсеткіші

Табиғат ресурстары (жер, пайдалы қазбалар, су, ауа және т.б.)

Әрбір нақты түрдің көрсеткіші

Ең толық шығару, кешенді және терең қайта өндеу

Өнімнің материалдық сыйымдылығы

Еңбек ресурстары

Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың саны

Білімнің өсуі, денсаулықтың жақсаруы, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру

Еңбек өнімділігі

Негізгі капитал (кәсіпорындырдың еңбек құралдары, көлік)

Баға

Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру

Қордың қайтарымдылығы

ҒТП

Шығындар

Ғылыми зерттеу сферасың дамыту, оның нәтижелерің пайдалану

Өндіріс тиімділігін көтеру

Экономикалық өсу

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.



Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:
  • Табиғи ресурстар. Бай табиғат ресурстарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.
  • Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуге жұмыс бастылығы, білім беру және жұмыс күшін кәсіптік шеберлікке дайындау сапасы, жұмыс күшін рационалды пайдалану, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.
  • Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.
  • Ғылыми-техникалық прогресс. Өнертапқыштық және инновациялар, оларды өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.
  • Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырады.

Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:

1) өндіріс көлемі мен қоғамбайлығы;

2) елдің әлемдегі беделі;

3) адамдардың материлдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты, білімі және мәдениеті;

4) өндіріс механикаландырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдайы жақсарады және т.б.

Қазақстанда экономикалық өсудің факторлары:

1) әлемдік экономиканың өсуі және мұнайдың, газдың, түсті және қара металдың халықаралық рыногтағы қолайлы конъюнктурасы;

2) тұрғындардың және кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі бар сұранысының өсуі;

3) импорт орнын толтыру саясатын жүргізу және адал емес бәсекелестіктен отандық өндірушілерді қорғау;

4) қолайлы инвестициялық климат құру жолымен тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты.

Қазақстанда экономикалық өсудің негіздері келесі:

1) экономикалық кеңістіктің көлемі. Қазақстан елдің аумағы бойынша әлемде 9-шы орын алады;

2) пайдалы қазбалардың қоры: энергетикалық ресурстардың (мұнай, табиғи газ, тас көмір), темір және марганец рудалары, уран және т.б.;

3) мұнайды шығару көлемі – басты стратегиялық шикізат;

4) маманданған жұмыс күшінің болуы.

Экономиқалық өсуді мемлекет жағынан қолдау әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей әдістері ғылыми техникалық прогрессті қолдауға бағытталған: фундаменталды ғылыми зерттеулерді қолдау, орта және жоғары білім беру жүйесін қаржыландыру. Жанама шаралар халық шаруашылығындағы ең прогрессивті салалар мен өндіріс түрлерін қолдауға бағытталған.



Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет