3. Ерте замандағы өлшеудің эталондары. .Ал массаның дәл мәнін өзгеріссіз ұстап тұру үшін қолданылған эталондардың болғанын археологиялық қазбалардың білуге болады. Оның мысалы – ежелгі шығыс елдерінде тараған мысқалдардың эталоны болып есептелінген шыны сауыттың сақталынуы. Осы сауыт бойынша анықталынған мысқалдың массасы 4,31г-ға тең. Дегенмен, мысқалдың әр елдегі мөлшері әр түрлі болған. Египетте оның мөлшері шамамен 4,63 г- ға шамалас болса, Үндістанда 4,58 г- ға , ал Иранда 4,6 г-ға шамалас болған. Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар арасында мысқалдың баламасы Хорезмде 4,45 г-ға, Бұхарада 4,8г- ға немесе 5г, Самарқанда 4,46г Қазақстан жерінде негізінен Бұхар мысқалы қолданылған. Сол сияқты, қадақ өлшемінің бірлігінің шамасы да әр түрлі болған: 317г, 634г, 409г, 512г. Ал пұт деп аталатын массаның жүйеден тыс өлшеу бірлігі 16,3805кг –ға тең. 40 қадақ 1 пұтқа тең шамаланған. Қазіргі қолданылып жүрген 1 пұт 16 кг-ға тең.
Уақыт өлшемдері табиғи құбылыстарға негізделініп жыл, ай, тәулік деп берілсе, ал күнделікті тұрмыста астың пісуіне байланысты ет пісірім, сүт пісірім, шай қайнатым шамауларымен берілген.
Қазақ халқы айран, сүт, шұбат, т.б. сұйық тағамдардың мөлшерін ыдыстардың көлеміне қарай шамалаған. Осыған байланысты халық арасында сұйық тағамдар құятын ыдыстың іштілігі шамамен 1 литрге тең. Ал, ұсақ заттар үшін уыс, шымшым, шөкім, т.б. өлшемдері қолданылған.
Өлшеуіштердің әр түрлі болуы елдер арасындағы экономикалық және мәдени к қиындатты. Осыған байланысты өлшеу бірліктерін бір жүйеге келтіру керек болды. Бұл іске жаратылыс тану және техника ғылымдарының өкілдері қызығушылық танытты.
Ғалымдар өлшеуіштер жүйесін жақсарту және өлшеудің тиімді жолдарын іздестіруде ғасырлар бойы еңбек етіп келеді. Ресейдегі өлшеуіштер жүйесін жасауда көп еңбек еткен ғалым Д.И.Менделеев табиғат құбылысын зерттеудегі дәл өлшеудің танымдық рөлін ескерере отырып, «Қандай үлкен нәрсе болсада, ол тәуелді болмайтын кіші жоқ» деген болатын.
Франция метрлік өлшеуіштер жүйесінің отаны болды.1789 жылы Францияда Конвенттің Бас штатының қарауына түскен жобалардың ішінде епископ, князь Талейранның жобасы таңдап алынып, өлшеуіштер жүйесі туралы мәселе халықаралық сипат алды.
1790 жылы Франция Ұлттық жиналысында табиғаттан алынған, өзгермейтін прототивке негізделген және міндетті түрде мемлекеттің бақылауында болатын жаңа өлшеу бірліктер жүйесін жасау туралы ұсыныс қабылданды. Осы ұсыныс бойынша Франция Ғылым академиясы комиссиясы ұзындық өлшеуішіне – метрді (Париж арқылы өтетін меридианның ширегінің 0,0000001 бөлігі ұзындығын) алуды ұсынды. Масса бірлігі үшін тығыздығы ең жоғары (температурасы+4C )1 куб дециметр таза судың массасы алынды да, бұл бірлік килограмм деп аталынды. 1799 жылы метр мен килограмның эталон үлгілері Француз республикасы архивіне сақтауға берілгендіктен, олар «Архив метр«Архив метрі және Архив килограмы» деп аталды.
Х ғасырдың аяғында Францияда жасалып, заңдастырылған бүкіл метрлік өлшеуіштер жиыны өлшеуіштердің метрлік жүйесі деп аталынды.
Француз үкіметінің Халықаралық метрлік комиссиясы 1870 және 1872 жылдары ұзындық бірлігі үшін Архив метрін, масса бірлігі үшін Архив килограмын прототип ретінде алуға шешім қабылдады.
Сонымен бірге, ол комиссия өлшеуіштердің метрлік жүйесін жетілдіруге және бұл жүйені қабылдаған мемлекеттерде оны ендіру жұмыстарын жүргізетін Халықаралық тұрақты метрологиялық мекеме ұйымдастыруды ұсынды.
Техниканың, ғылымның, Халықаралық байланыстың барған сайын дамуы, өлшеу бірліктерінің түрлерін көбейітті және өлшеу құралдарын жетілдіруді жаңадан жасауды, олардың дұрыстығын бақылауды талап етті. Осының негізінде мұнымен тікелей айналысатын ғылыми зерттеу мекемелері мен әкімшілік ұйымдары пайда болды. Соның нәтижесінде өлшеу бірліктері мен өлшеуіштерді зерттейтін ғылым метрология ғылымы қалыптасты.
Бақылау сұрақтары: 1.Өлшеудің маңызын қалай түсіндіруге болады? 2.Өлшеу қандай процесс? 3.Өлшеу толық жүргізілу үшін қандай элементтер болу керек? 4.Байырғы өлшем бірліктер не үшін жарамсыз болды? 5.Байырғы Өлшеу бірліктері. 6.Метрлік өлшеуіштер отаны ретінде не себепті Францияны алады? 7. «Архив метрі», Архив килограмы» қайда сақталған?
№2. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшем бірліктер жүйесі.