Жаратылыстану институты


«Физика және математика» кафедрасына қарасты



бет10/39
Дата26.12.2023
өлшемі12,4 Mb.
#143420
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
fiz kuraldar umkd f-22-1у 3

«Физика және математика» кафедрасына қарасты
«Физикалық құралдар және өлшеу нәтижелерін өңдеу» пәні бойынша 2022-2023 оқу жылында пайдаланылатын арнайы дәрісханалардың тізімі




п.п.

дәрісханалар (кабинеттер, зертханалар)

Дәрісханалардың Дәріс оқу үшін пайдаланылуы

Пәнді үйренуде пайдаланылатын құрал-жабдықтар

1

206, 205

Дәріс және практикалық сабақтар жүргізу үшін

Мультимедиалық проектор

2

205, 206

Дербес компьютерлер
Интерактивті тақта

Оқытушы__________________________ Алмағамбетова А.А.


1 МОДУЛЬ. ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАЛАР. ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАЛАРДЫҢ БІРЛІКТЕР ЖҮЙЕСІ.ӨЛШЕУ ҚАТЕЛІКТЕРІ


Дәріс №1. Физикалық өлшемдердің шығу тарихы. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшем бірліктер жүйесі.
Дәріс жоспары:

  1. Ежелгі замандағы өлшемдер туралы тарихи мәліметтер

  2. Ең алғашқы физикалық өлшеу жүйелері

  3. Физикалық шама. Оны өлшеу.



1.Өлшеудің маңызы. Өлшеу- ғылым мен техникадағы маңызды мәселелердің шешімі, адамзаттың қол жеткізген табыстары мен жетістіктерінің кепілі, танымның көзі. Өлшеудің техникада, ғылыми эксперименттегі, құрылыс пен медицинадағы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жоғары сапасын қамтамассыз етудегі, байланыс торабындағы, мемлекеттік стандарттар дайындаудағы алатын орны ерекше.
Өлшеудің бақылау мен эксперименттегі объективті шындықты танудағы маңызы зор. Сондықтан, өлшеу ғасырлар бойы тек жаратылыстанушы ғалымдардың ғана емес, философтардың да назарын өзіне аударып келеді.
Табиғатты танып білуге басқан алғашқы қадамдардың өзі қарапайым бақылаулардың көмегімен жасалынған. Табиғи процесстер мен заттардың сипаттамалары туралы қорытындылар жасамас бұрын осы құбылыстар мен заттарды топтастырып, олардың сапалық қасиеттерін білуге болады. Бірақ, практика үшін табиғи процесстер мен заттардың тек сапалық қасиеттерін білу жеткіліксіз болатындықтан, олардың сандық сипаттамаларына көшуге тура келді. Бақылау барысында алғашқы кезде қарапайым, одан соң біртіндеп дәлдігі жоғары өлшеу құралдары қолданыла бастады. Осылайша, өлшеу бірте-бірте ғылыми сипатқа ие болды.
Өлшеу- өте күрделі танымдық процесс. Ол мынадай маңызды элементтерден тұрады:

  • өлшеу объектісі (өлшенетін физикалық шама)

  • өлшенетін шаманы салыстыратын өлшеу бірлігі

  • бақылаушы, өлшеу құралы

  • өлшеу әдісі

  • өлшеу нәтижесі

Физикада құбылыстар мен заттардың сапалық қасиеттерімен қоса олардың сандық сипатын да бере алатын тәжірибелердің құндылығы жоғары. Ал мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін өлшеу жұмыстарын дұрыс жоспарлай білу қажет. Ол үшін экспериментатор өлшеу қателіктерінің болу себептерін анықтап, мүмкіндігінше алдын ала және әрбір тәжірибеге сәйкес өлшеу әдісі мен өлшеу құралдарын таңдай білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет