Қарастырылатын мәселелер: 1.Өлшеудің маңызы.
2.Өлшемдердің шығу тарихы.
3. Ерте замандағы өлшеудің эталондары.
4.Физикалық шамаларда өлшеу.
5.Өлшемдік. ХБЖ.
№2 дәріс. Өлшеу түрлері. Өлшеу әдістері.
Дәріс жоспары:
1.Тікелей бағалау әдісі 2.Нөлдік әдіс 3.Дифференциалдық әдіс Жалпы өлшеуді өлшеу нәтижесін алу жолына байланысты тікелей және жанам өлшеу деп бөледі. Тікелей өлшеу кезінде өлшеу нәтижесін тікелей өлшеу құралының көрсеткішінен қарап, алады. Мысалы, таразының тілшесіне қарап оның заттың массасының қанша екенін айта аламыз. Ал, егер осы дененің массасын өлшеп, көлемін есептеп, тығыздықтың формуласына салып, есептеп шығаратын болса, ол жанама өлшеу.
Алда атап өткендей өлшеу дегеніміз өлшенетін шаманы өлшем бірлігімен салыстыру процесі. Мұндай эксперимент (немесе өлшеу) тәсілдері өте көп. Оның біреуін таңдаудың өзі бірқатар шарттарға байланысты болады. Мысалы, өлшенетін шаманың табиғатына, өлшеуді жүргізуге қажетті дәлдікке, өлшеу жүргізілетін жағдайға, нәтижені алуға қажетті уақытқа, өлшеу үшін қолданылатын приборларға, т.б. Дегенмен сан түрлі өлшеу тәсілдерін ұқсастықтары жағынан топтарға бөліп, өлшеудің жалпы әдістері деп атауға болады.
Өлшеуді метрологиялық сипатына қарай метрологиялық және техникалық өлшеу деп бөледі. Өлшеу нәтижесінің уақытқа тәуелділігінің сипатына қарай статистикалық және динамикалық деп бөледі, ал нәтижені алу тәсіліне қарай тікелей және жанама өлшеу деп жіктейді. Өлшеу санына қарай бәр реттік және көп реттік, өлшеудің дәлдігіне қарай дәл және жуықтап өлшеу деп бөледі. Тікелей өлшеу нәтижесі оның сипатына абсолютті және салыстырмалы болып өрнектеледі. Өлшенетін шаманың ерекшелігіне қарай жанасатын (контактный), жанаспайтын (безконтактный), тікелей бағалау, өлшеммен салыстыру деп бөлінеді. Өлшеммен салыстыру әдісінің өзі тікелей бағалау әдісі (салыстыру), нөлдік әдіс, алмастыру, дифференциалдық әдіс