116
қорғану реакциясын және жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді,
жарақаттану кезінде қанның ұюына қатысады. Ішкі ортаның гомеостазына
қатыса отырып, оның ішінде иммунды гомеостаздың да
тұрақтылығын
сақтайды. Қан мен лимфа ағзада кӛптеген гормондар мен әртүрлі белсенді
заттарды тасымалдайды. Осы аталған қызметтері қанның адам ағзасындағы
алатын орны ерекше екендігін кӛрсетеді. Егер, адам 30% қан жоғалтса
тіршілігін жояды. Клиникада қанның анализі бойынша науқастарға диагноз
қойып, алдын-ала емдеу әдістерін анықтайды.
Қан пішіндік элементтер мен плазмадан тұрады. Пішіндік
элементтерге эритроциттер (гректің эритрос — қызыл), лейкоциттер (гректің
лейкос — ақ) жатады және плазмада қан пластинкалары (тромбоциттер)
болады. Эритроциттер мен қан пластинкалары қызметтерін тікелей қанның
ішінде, ал лейкоциттер ӛздерінің әртүрлі міндеттерін, дәнекер ұлпасында
атқарады (2 - сурет).
Қан
плазмасының
жалпы мӛлшері 55-60%,
Достарыңызбен бөлісу: