142
заттан тұрады, соңғысы тығыз орналасқан. Шеміршек ұлпасы тыныс алу
жүйесінің мүшелерінде, буын беттерінде, омыртқа аралық дискілерде
кездеседі. Шеміршек ұлпасының құрамындағы жасушалар хондробластар
деп аталады. Хондробластар даму процесі кезінде хондроциттерге
айналады. Хондроциттер шеміршек ұлпасының негізгі жасушалары, олар
жасуша аралық заттардағы ерекше қуыстарда капсуламен қоршалып
орналасқан. Хондроциттердің беттері микробүрлермен
жабдықталған,
ядросы
жұмыр,
хроматині
аз
(9-сурет).
Цитоплазмасында
митохондриялар, жақсы жетілген Гольджи жүйесі мен түйіршікті
эндоплазмалық тор бар. Хондроциттер 2-4 немесе одан да кӛп болып
топтасып «изогендік топ» деп аталатын комплексті құрайды. Әрбір топ
бір хондробластың бӛлінуі нәтижесінде пайда болады. Шеміршек
ұлпасында қан тамырлары болмайды, қоректену процесі шеміршек қабы
арқылы жүреді. Шеміршек ұлпасының құрамында 70-80% су, 10-15%
органикалық заттар, 4-7% тұздар болады. Шеміршектегі құрғақ заттың
70% - коллаген.
Достарыңызбен бөлісу: