141
Бірінші
реттегі
коллаген шоғырлары бірігіп,
екінші реттегі
шоғырларды
құрайды.
Оларды
эндотеноний
(tendo — сіңір) деп аталатын борпылдақ
қалыптаспаған дәнекер ұлпаның жұқа қабаты қоршап тұрады. Осы
принциппен екінші реттегі коллаген шоғырлары,
ҥшінші реттегі
шоғырларға
бірігеді, бұларды да
дәнекер ұлпасы қаптайды, бірақ олардың дәнекер
ұлпалық қабы қалың болады және
перитеноний
деп аталады.
Тығыз
қалыптасқан
серпілмелі
дәнекер
ұлпасы
адам
мен
сүтқоректілерд
е желке мен дыбыс тарамыстарын құрайды.
Бұл ұлпаның
құрылысы тығыз қалыптасқан коллагендік дәнекер ұлпасына ұқсас,
айырмашылығы оның негізгі құрылымдық компоненті эластиндік талшықтар,
коллагендік талшықтар аз болады. Тығыз қалыптасқан
серпілмелі дәнекер
ұлпасы шоғырларға бӛлінбейді.
Оның жасушалық элементтері, кӛбінесе, фиброциттерден тұрады, бірақ
борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпасына тән басқа жасушалар да
кездеседі.
Соңғылары қан тамырларын бойлай эластиңді талшықтардың арасында
орналасады. Тығыз дәнекер ұлпасы түрлі
эмбриондық бастамалардан
дамиды:
тығыз
қалыптаспаған
дәнекер
ұлпасы
дерматомның
мезенхимасынан, ал тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы склеротомнан пайда
болады. Эмбриондық гистогенез процесі кезінде мезенхиманың
жасушалары фибробластарға жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: