53
алып хромосомаларға айналады. Политения
кейбір арнайы жасушаларда
байқалады, мысалы қосқанаттылардың сілекей безінде. Эволюция
барысында әр түрде қалыптасқан тұрақты және ӛзіндік ерекше
хромосомалар жиынтығы бар. Хромосомалардың сапалық және
сандық
белгілерінің жиынтығын
кариотип
деп белгілейді. Оны
идиограмма
түрінде кӛрсетуге болады, онда жұп хромосомаларды мӛлшерінің
кішіреюіне қарай орналастырады.
Студенттердің ӛзіндік орындайтын жҧмыстарына тапсырмалар:
1 Препарат.
Құйрықты амфибияның (аксолот) бауыры.
Бояуы: гематоксилин-эозин.
Омыртқалы
жануарлардың
ішінде
құйрықты
амфибияның
жасушалары ірілеу болып келеді. Сондықтан,
жануарлар жасушасымен
танысу үшін бұл препарат ӛте ыңғайлы объект.
Препаратты кіші ұлғайтқышпен қарағанда пішіндері кӛп бұрышты
бір топ жасушалар кӛрініс берсе, үлкен ұлғайтқышпен қарағанда
гематоксилинмен күлгін түске боялған жасуша ядросы жақсы кӛрінеді.
Жасуша цитоплазмасының басым бӛлігі қызғылт түске боялған,
бірақ
онда ашық күлгін түске боялған (әлсіз базофильді) түйіршіктер де
кездеседі. Жасуша плазмолеммасының қалыңдығы субмикроскопиялық
болмғанымен, оның орналасқан жері – цитоплазма шекарасы – жақсы
кӛрінеді.
Жасушаның суретін салып белгілеңдер: 1 - жасуша ядросын, 2 – ядро
мембранасын, 3 – ядрошықты, 4 – ядро шырынын.
2 Препарат.
Адам қанының жұғындысы.
Боялуы: Романовский-Гимза тәсілімен боялған.
Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен
препараттан сегменттелген
ядросы бар ашық түсті шар тәрізді дӛңгелек клетканы тауып, үлкен
ұлғайтқышқа ауыстырыңдар. Тапқан жасушаның суретін салып, оның
компоненттерін белгілеңдер: 1 – ядросын, 2 – цитоплзмасын.
Достарыңызбен бөлісу: