І
.
Тікелей емес немесе личинкалық даму
типі жұмыртқада сары уыз
жеткіліксіз болғанда жүреді. Даму барысында бірнеше личинкалық сатыны
бастан ӛткізеді. Личинкаларға тән провизорлық (уақытша) мүшелер
қалыптасады. Личинкалық дамудың екі түрі бар:
А.
Толық түрленіп даму немесе толық метаморфоза (мысалы: бүрге,
кӛбелек, маса) кезінде келесі 4 сатыдан ӛтеді (1-сурет):
Жұмыртқа личинка қуыршақ имаго.
1 – сурет.
Толық тҥрленіп даму тҥрі
86
Б.
Толық емес түрленіп даму немесе толық емес метаморфоза (мысалы:
биттер, таракандар) кезінде 3 сатыдан ӛтеді (2-сурет):
Жұмыртқа личинка имаго.
2 - сурет. Толық емес тҥрленіп даму тҥрі
ІІ.
Тікелей даму типі
: Оның екі түрі бар:
А
. Личинкасыз немесе жұмыртқа салып даму;
Б
. Ұрықтың жатырда дамуы.
Личинкасыз даму барысында жұмыртқада сары уыз жеткілікті болады,
провизорлық мүшелер қалыптасып, ұрықтың дамуын қамтамасыз етеді (3 -
сурет).
3 – сурет. Личинкасыз немесе жұмыртқа салып даму түрі
Ұрық ұзақ уақыт бойы жұмыртқа iшiнде дамиды, личинкалы сатысы
болмайды. Мысалы, балықтар, жорғалаушылар, құстардың дамуы осы
типке жатады.
Ұрықтың жатырда дамуы – ұрықтанған жұмыртқа жатырда тоқтап,
ұрық ұлпасы мен аналық ағза арасындағы байланыс плацента арқылы
жүреді. Дамудың бұл түрі сүтқоректілер мен адамға тән (4-сурет).
Онтогенездің кезеңдері
Онтогенездің кезеңдері үшке бӛлінеді (12 кесте):
1.
Проэмбрионалдық кезең – проэмбриогенез.
2.
Эмбрионалдық кезең – адамдар үшін, антенатальдық кезең.
3.
Постэмбрионалдық кезең – адамдар үшін, постнатальдық.
|