Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет69/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   142
А. Толық түрленіп даму немесе толық метаморфоза (мысалы: бүрге,
кӛбелек, маса) кезінде келесі 4 сатыдан ӛтеді (1-сурет): 
Жұмыртқа личинка қуыршақ имаго. 



 
1 – сурет. Толық тҥрленіп даму тҥрі 


86 
Б. Толық емес түрленіп даму немесе толық емес метаморфоза (мысалы:
биттер, таракандар) кезінде 3 сатыдан ӛтеді (2-сурет): 
Жұмыртқа личинка имаго. 



 
2 - сурет. Толық емес тҥрленіп даму тҥрі 
ІІ. Тікелей даму типі: Оның екі түрі бар: 
А. Личинкасыз немесе жұмыртқа салып даму
Б. Ұрықтың жатырда дамуы. 
Личинкасыз даму барысында жұмыртқада сары уыз жеткілікті болады, 
провизорлық мүшелер қалыптасып, ұрықтың дамуын қамтамасыз етеді (3 - 
сурет).
 3 – сурет. Личинкасыз немесе жұмыртқа салып даму түрі 
Ұрық ұзақ уақыт бойы жұмыртқа iшiнде дамиды, личинкалы сатысы 
болмайды. Мысалы, балықтар, жорғалаушылар, құстардың дамуы осы 
типке жатады.
Ұрықтың жатырда дамуы – ұрықтанған жұмыртқа жатырда тоқтап, 
ұрық ұлпасы мен аналық ағза арасындағы байланыс плацента арқылы 
жүреді. Дамудың бұл түрі сүтқоректілер мен адамға тән (4-сурет). 
Онтогенездің кезеңдері 
Онтогенездің кезеңдері үшке бӛлінеді (12 кесте): 
1. Проэмбрионалдық кезең – проэмбриогенез. 
2. Эмбрионалдық кезең – адамдар үшін, антенатальдық кезең. 
3. Постэмбрионалдық кезең – адамдар үшін, постнатальдық. 


87 
4 – сурет. Ҧрықтың жатырда даму тҥрі.
А - 6 апта; Б - 4-5 айлық ҧрық: 1 – эмбрионның денесі (ҧрық); 2 - 
амнион; 3 – сары уыз қапшығы; 4 - хорион; 5 - кіндік. 
Геккель және Мюллердің бір – біріне байланыссыз қарастырған 
биогенетикалық заңында онтогенез филогенездің қысқаша және жылдам 
қайталануы болып табылады деген. Филогенез – түрдің тарихи даму 
процестерінің толық жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет