8
Электронды микроскоптың енуімен қатар жарықтық микроскоптың
әдістері гистологиялық зерттеулерде жетілдіру жалғасты. Флуоресцентті
бояулармен ұлпалар мен жасушаларда анықтайтын заттарды таңбалауға
негізделген иммуноцитохимиялық және иммуногистохимиялық әдістер
ашылды. Әртүрлі типке жататын жасушаларды, гормон және әртүрлі
биологиялық белсенді заттарды бӛлуші, жасушалық рецепторларды,
секреторлық және биосинтетикалық процестерді бұл әдістермен дәлірек
ажыратуға болады. Иммуноцитохимиялық және гистохимия принциптер
кейінірек электронды микроскопта да қолданылды. Сонымен қатар,
таңбаланған антиденешіктер ретінде коллоидты алтын мен ферритинді
қолдана бастады. Жарықтық және электрондық авторадиография әдістері
рецепторлардың орналасуын, жасушалардың бӛліну заңдылықтарын,
жасушалардағы макромолекулалардың синтезі мен секрециясы туралы
деректерді алу үшін кеңінен қолданыла бастады. Бұл әдістер
морфофункционалдық, синтетикалық болғандықтан, гистологияның даму
барысындағы үшінші кезеңді
синтетикалық кезең деп атауға болады.
Жасуша кӛпжасушалы жануарлар мүшелерінде жеке-дара тіршілік
етпей, ұлпалардың құрылымдық бірлігі болатыны XIX ғасырдың екінші
жартысында белгілі болған. Сол уақытта ұлпалардың соңғы жіктелуін
ашуға мүмкіндіктер жасалған. Ф. Лейдиг (1853) және А. Келикер (1855)
жиналған мәліметтерді жүйеге келтіріп, сол кезеңге дейінгі белгілі
барлық ұлпаларды 4 топқа біріктірді. Бірақ, жануарлардың ұлпалық
құрылысының заңдылықтарын түсіну үшін фактілер қажет болды. Ондай
фактілер XIX ғасырдың екінші жартысында жаңа құрылымдағы
микроскоптардың пайда болғанынан кейін анықталды. Сонымен қатар,
гистологиялық техника да дамыды. Оған зор үлес қосқан атақты чех
ғалымы микроскоп маманы, физиолог, гистолог Я. Пуркине және ол
алғаш рет микротомды ашқан. Соның нәтижесінде XIX ғасырда
жасушалардың, ұлпалардың және мүшелердің құрылысы туралы жаңа
деректер алынды.
Достарыңызбен бөлісу: