Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет2/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Алғы сӛз 
 
Гистология, цитология және эмбриология бойынша зертханалық 
сабаққа арналған оқу құралы алғашқы рет мемлекеттік тілде шығарылып 
отыр. Бұл оқу құралы зертханалық сабақтарда студенттерге берілген 
тақырыптағы тапсырмаларды орындау, оны түсініп, игеруге арналған 
ерекше «нұсқау». Оқу құралында препараттардың сипаттамасы берілген 
ол, зертханалық сабақта студенттерге берілген препараттардың сипатын 
жақсы түсінуге мүмкіндік туғызады. Препараттың суретін салу 
барысында студенттер бақылаудан тыс қалған бӛліктерге кӛңіл бӛліп, 
негізгі құрылымдарын да еске сақтап қалады.
Зертханалық жұмысты орындау үшін студенттің альбомы, қара және 
түрлі-түсті карандаштары болуы тиіс. Препаратты зерттеп, сипаттау 
барысында курсивпен кӛрсетілген терминдерге зейін қою қажет. Салған 
суретте терминдер нұсқаған құрылымдар кӛрсетіліп, құрылымдарды 
анықтайтын тізімге енуі тиіс.
Лабораториялық сабақтың әр қайсысы екі сағатқа есептелген және 
келесі жоспармен ӛткізіледі: 
1.Лабораториялық жұмыстың тақырыбы бойынша білім деңгейлерін 
анықтау (20/60 мин).
2. Препараттарды зерттеп сипаттау және суретін салу (40/60 мин).
3. Тақырып бойынша тестік бақылау жүргізу (10 мин) 
4. Орындалған жұмысқа талдау жасау, жіберілген қателерді түзеу, 
оны студенттердің кӛрсетуі (10/30 мин).
5. Студенттердің альбомдарын тексеру (5/10 мин). 
4. Келесі сабаққа теориялық жағынан дайындалып келуге тапсырма 
беру (5/10 мин).
Гистология (грек тілінен histos-ұлпа, logos-ілім, ғылым) – жануарлар 
организміндегі жасушалардың, ұлпалардың және мүшелердің дамуын, 
құрылысын және қызметтерін зерттейтін ғылым. Қазіргі заманға сай кең 
мағынада - гистология ғылым және оқу пәні ретінде жоғарыда берілген 
анықтамаға сәйкес бірнеше тараулардан тұрады: 
1. Гистологиялық және микроскопиялық техника - гистологиялық 
препараттарды дайындау тәсілдерін және оларды микроскоптау әдістерін 
зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет