Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер: Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердi сақтау мен қалпына келтiрудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру:
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi қорғау, өсiмін молайту және пайдалану саласындағы жағдайды қалпына келтiруге және кейiннен оларды қорғау тиiмдiлiгін арттыру үшiн негіз қалауға;
2006 жылы осы заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған, тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктер санының азайып кетуiне жол бермейтін, оларды сақтауды және қалпына келтiрудi қамтамасыз ете алатын Республикалық мемлекеттiк жануарлар қорғау жөнiндегi мекеме құруға;
2006 - 2007 жылдары тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктер таралымдарының санын, жас және жыныс құрылымын айқындауға;
2007 жылы тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi қолда ұстау жағдайында өсiру орталығын (фермасын) құруға;
2006 - 2007 жылдары тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктер мекендейтiн, өсiмiн молайтатын, қыстайтын аймақтарда және негізгi қоныс аудару жолдарында оларды қорғау мәртебесi мен режимi әртүрлi жаңа ЕҚТА-лар ұйымдастыруға және қазiргiлерiн қайта ұйымдастыруға;
2006 - 2007 жылдары тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктер санын көбейту, оларды қорғау тиiмділігiн арттыру және ұтымды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
Бұл орайда тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi санының тұрақтануы және киiктердiң таралу аймағы көлемiнде олардың таралымының жыл сайынғы өсiмiнiң биологиялық тұрғыдан негізделген 10% өлшемi бағдарламаны iске асырудың барлық жылы үшiн сан мөлшерін сипаттайтын неғұрлым тұрақты өлшем болып қала бермек.