Жаратылыстану және география институты



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі69,59 Kb.
#87833
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Кесперова Нурлыайым, СОӨЖ 4, зоо





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану және география институты


6ВО1513-Биология мұғалімдерін даярлау
СОӨЖ-4

Пән: Омыртқалы жануарлардың биологиясы, экологиясы және систематикасы
Тақырыбы: «Қазақстандағы сүтқоректілерді қорғау бағдарламасы»

Орындаған:: Кесперова Н.М. Қабылдаған: Сексеннова Д.У.




Алматы , 2022-2023


Бағдарламаның мақсаты: 
Қазақстанның тұяқты жабайы жануарларының сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктерiнiң санын тұрақтандыруға және олардың таралымдарын қалпына келтiруге негіз болатын нормативтiк-құқықтық және ұйымдық-шаруашылық шаралардың негiзiнде оларды сақтау және күзету.
Бағдарламаның міндеті: 

  • Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн мiндеттерi және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi жаппай браконьерлiктi болдырмауды қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн күзетудi ұйымдастыру;

  • тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктерді сақтау жөнiндегi заң шығару шараларын күшейту;

  • тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктер санының шынайы, тиiмдi жыл сайынғы есебiн алуды ұйымдастыру; 

  • тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердiң таралымдарына және тiршiлiк ортасына бақылау(мониторинг) жүйесiн ұйымдастыру;

  • тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiнiң гендiк қорын сақтаудың және олардың оңтайлы санын айқындаудың биотехнологиялық негiздерiн әзiрлеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу.

Тұяқты жабайы жануарлар қазiргi кезде адамның назарын эстетикалық мақсаттар тұрғысынан да, селекциялық жұмыстар үшiн перспективалы объектiлер ретiнде практикалық тұрғыдан да, саны едәуір көп болған кезде - бағалы аңшылық объектiлерi (ет, тері, олжа, дәрi-дәрмектiк шикiзат) тұрғысынан да аударады. Тұяқты жабайы жануарлардың адам үшiн осындай зор маңызға ие бола отырып, ғасырлар бойы адамның олардың iзiн аңдығанына таң қалуға болмайды, түрлердің бір бөлiгi құртып жіберілді, ал кейбiреулерi жойылып кету алдында тұр.


Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына тұяқты жануарлардың 9 түрi мен түр тармағы енгізілген, олар: қаратау арқары (Ovis ammon nigrimontana), тянь-шань арқары (Ovis ammon karelini), қазақстан арқары (Ovis ammon соllium), қызылқұм арқары (Ovis ammon severtzovi), алтай арқары (Ovis ammon ammon), үстiрт арқары (Ovis ammon аrkаl), қарақұйрық (Gazella subgutturosa), тоғай кермаралы (Cervus elaphus bactrianus baktrianus), түркмен құланы (Eguus hemionus onager).
Арқарлардың үш түр тармағы мен тоғай кермаралы құрып кетуге жақын, қалғандары таралу мен сан мөлшерi мәртебесiнiң II және III санаттарына жатқызылған, яғни азайып бара жатқан және сирек кездесетiн түрлер. Барлық түрлер мен түр тармақтарының таралу аймағы ала-құла және аз. Олардың таралымының жай-күйі қазiргі кезде иір ойықты қаруы, аса өтiмді автомобиль және қарда жүретін көлiгi, әсіресе жүрдек кросс мотоциклдерi бар браконьерлер тарапынан тым мүшкiл сипат алып отыр, бұл олардың таралымдарын сақтау үшiн алаңдаушылық туғызуда. Жануарлар дүниесiн күзетудің пәрмендi республикалық қызметі болмай отырған кезде жабайы құстарға, аңшылық олжаларына деген өскелең сұраным және сафари өткiзуге құмартушылық барлық тұяқты жануарлар таралымдарының азып-тозуына түрткi болды, олардың санының мүлдем азайып кетуiне душар етiп, осы бағалы жануарларды толық құрып кету шегіне жеткiзді.
Сонымен бiрге киіктердi сақтау үшiн қабылданған "Киiктi қорғау және өсімін молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 шілдедегi N 980 қаулысы 2005 жылға дейiнгi кезеңде киiктер аулауға тыйым салуды тағы да белгiледi, сондай-ақ қаулыда киiктің жыл сайын есебін алып отыру және киiктер санын сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындауға қаражатты ұлғайту көзделген.
Қабылданған шешiмдерге тиiстi бағасын бере отырып, олардың кеш қабылданғанын және киiктердi қорғау жөнiнде шаралар қолдану тұрғысынан алғанда оларға нақты сипат берiлмегенiн мойындау керек. Практика бiр ғана тыйым салу шараларымен және қолданбалы сипаттағы жартыкеш шаралармен браконьерлiктi тоқтатуға болмайтыны туралы ащы шындықты тек қуаттап бердi. Киiктер таралымының азып-тозуының тыйылмауы Қазақстан Республикасының аумағында киiктердiң түр ретiнде толық жойылып кетуiне душар етуi мүмкiн екені аттөбеліндей мамандар тобына ғана емес, сонымен бiрге дүниежүзілiк жұртшылыққа айдан анық болып отыр.
Жоғарыда айтылған жәйттер жинала келiп осы бағдарламаны әзiрлеу қажеттігін айқындап берді. Сонымен бiрге 2003 жыл және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазынашылық кәсіпорнының (бұдан әрi - "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК) жұмыс істеп жатқан киiктер күзету қызметi киiктердi күзету мен олардың есебiн жүргізу жүйесiнің 2-3 жыл iшiнде киiктер санын нақты тұрақтандыра алатын, яғни оның таралымдарының азып-тозуын тоқтата алатын нобайларын дәлме-дәл белгілеп бердi. Таралымдардың азып-тозуын тоқтату таралымдарды бірқалыпты өсіп-өну деңгейіне дейiн қалпына келтіру және киiктердiң өз өсiмiн өзi молайтатын ресурстарын кәсiпшiлiк мақсатта пайдалану мүмкiндiктерi үшiн объективті негіз қалайды.
Салалық бағдарламаны әзірлеу кезiнде негізiнен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң (бұдан әрі - ҚР АШМ Комитетi) қор материалдары, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі Зоология институтының (бұдан әрi - ҚР БҒМ Зоология институты) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 қазандағы N 1035 қаулысына сәйкес өткiзiлген 1998 - 2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарларды шектеулi түрде aлу мүмкiндiктерiн зерделеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдары және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-нiң жануарлар дүниесін күзетуді ұйымдастыруының қазiргi тәжiрибесi пайдаланылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет