Иониттің толық динамикалық алмасу сыйымдылығы (ТДАС) ионның ерітіндіден
алмасуының тоқтауы бойынша анықталады (яғни ерітіндіден
сіңірілетін ионның
концентрациясы фильтраттағымен теңескенде).
Иониттің толық динамикалық алмасу сыйымдылығын келесі кейіптемемен есептейді:
ТДАС = (V
ф
.
С – ∑ V
су
.
С
су
)
.
1000 / V
ионит
[мг–экв/л] (2)
мұнда V
су
- ерітінді иондары пайда болған кездегі («секіргеннен кейін») фильтраттың
жалпы көлемі, л;
С
су
– ерітінді иондары фильтрат порциясында пайда болған кездегі («секіргеннен
кейін») ерітіндінің концентрациясы, мг-экв/л.
Алынған нәтижелер бойынша ионит қанығуының «С
ион
– V
фильтрат
» координаттарында
шығыс қисығын тұрғызады.
Дәндерінің мөлшерлері 0,25-1,0 мм
активті SO
3
H тобы бар КУ-2-8 күшті қышқылды
катионит келесі көрсеткіштермен сипатталады:
Құрғақ қалдықтың үйілу салмағы – 0,8 г/мл,
Ісінген күйіндегі меншікті көлемі –2,5 мл/г,
0,1 н HCl бойынша ТДАС – 4,9-5,1 мг-экв/г.
КУ-2-8 күшті қышқылды катиониттің регенерациялауын азот қышқылының 4 М
ерітіндісімен, 1-4 М күкірт қышқылы ерітіндісімен немесе 1-4 М (NH
4
)
2
C
2
O
4
аммоний
оксалаты ерітіндісімен жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: