химиялық реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттар массасына тең. Масса мен энергия байланысын көрсететін А.Эйнштейн (1905ж) формуласын
(Е = mc2)
қолданып, масса және энергия сақталу заңын былай оқиды:
оқшауланған жүйеде химиялық реакцияға дейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар қосындысы реакциядан кейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар қосындысына тең болады.
1808 жылы француз химигі Ж.Пруст металдардың оксидтері мен сульфидтерін талдау нәтижесінің негізінде құрамның тұрақтылық заңын тұжырымдады: қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамы әрдайым тұрақты болады. Қандай әдісен болса да құрамы сандық және сапалық тұрақтылықта болатын қосылыстарды дальтонидтер деп атайды. Алу әдістері мен оның алу жағдайына тәуелділікте болып, құрамы айнымалы келетін қосылыстарды бертоллидтер д.а.
.
Заттардың құрам тұрақтылық заңы
.
Эквиваленттер заңы
Химиялық элементтер бір бірімен қосылысқанда қандай мөлшерде қосылысады деген зерттеулер бойынша 1803жылдан бастап бірнеше жыл зерттегенағылшын ғалымы Джон Дальтон химияға эквивалент ұғымын енгізді.
Эквивалент дегеніміз – химиялық элементтер бір – бірімен қандай салмақ мөлшерінде қосылатындығын көрсететін сан.